"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 13 қаңтардағы Заңының 2-бабының 7) тармақшасына, "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы N 2314 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қазандағы N 1316 Қаулысына сәйкес Сырдария аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 21 қарашадағы кезектен тыс Х сессиясының N 86 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылы 13 желтоқсанда N 4367 болып тіркелген, "Тіршілік тынысы" газетінде 2012 жылы 27 желтоқсанда N 106 санында жарияланды) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Осы шешімнің 3-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"3. Аталған жерлерде тұрақты тұратын адамдарға тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерін айқындайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу үшін жеткізушілер ұсынған шоттар бойынша тұрғын үй көмегі бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі."
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап пайда болған қатынастарға таралады.
Аудандық мәслихаттың | |
кезектен тыс ХХVІ | |
сессиясының төрағасы | Р. Есенов |
Аудандық мәслихаттың | |
хатшысы | Б. Маншарипов |