"Туристік ақпаратты, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2014 жылғы 22 шілдедегі № 180 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2014 жылғы 20 тамызда № 2488 болып тіркелді. Күші жойылды - Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 28 қыркүйектегі № 291 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Маңғыстау облысы әкімдігінің 28.09.2015 № 291 қаулысымен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған «Туристік ақпаратты, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
      2. «Маңғыстау облысының туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Г.М. Байжауынова) осы қаулының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Р.М. Әміржановқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Облыс әкімі

А. Айдарбаев

      «КЕЛІСІЛДІ»
«Маңғыстау облысының туризм
басқармасы» мемлекеттік
мекемесі басшысының
міндетін атқарушы
Г.Қ.Сүйеуова
22 шілде 2014 жыл
 


Маңғыстау облысы әкімдігінің
2014 жылғы 22 шілде
№ 180 қаулысымен бекітілген

«Туристік ақпаратты, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. «Туристік ақпаратты, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Маңғыстау облысының туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз жүзінде.
      3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі: туристік ақпаратты, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы туристік ақпарат беру болып табылады.
      Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру нысаны: қағаз жүзінде.
 

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылдарды) бастауға негіздеме көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 192 қаулысымен бекітілген «Туристік ақпаратты, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында (бұдан әрі – Стандарт) қарастырылған өтінішті алу болып табылады.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін рәсімдер (іс-қимылдар):
      1) өтінішті тіркеу;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысының өтінішті қарауы;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысының өтінішті қарауы және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесінің жобасын ресімдеуі;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесінің жобасына қол қоюы;
      5) көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін жолдау.
      Ескерту. 5 - тармаққа өзгерістер енгізілді - Маңғыстау облысы  әкімдігінің 16.04.2015 № 106 (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
 

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне көрсетілетін қызметті берушінің келесі құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) қамтылған:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы.
      7. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері өтінішті қабылдауды, оны тіркеуді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына бұрыштама қоюы үшін жолдайды, көрсетілетін қызметті алушыға өтінішті қабылдап алған адамның тегі мен аты-жөні, қабылдау күні көрсетілген талонды береді – 20 (жиырма) минут;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы бұрыштама қояды, өтінішті көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жолдайды – 1 (бір) жұмыс күні;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қарауды жүзеге асырады, мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесінің жобасын ресімдейді және оны көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға береді – 3 (үш) жұмыс күні;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесінің жобасына қол қояды – 1(бір) жұмыс күні;
      5) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға береді – 20 (жиырма) минут.
      8. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау осы «Туристік ақпарат, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы туристік ақпарат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне қосымшаға сәйкес блок-схемамен сүйемелденеді.
 



 
 

«Туристік ақпаратты,оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінеқосымша


 
            Ескерту: аббревиатураларды ажыратып жазу:
      ҚФБ – құрылымдық-функционалдық бірлік
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады