Маңғыстау облысы әкімдігінің 2014 жылғы 22 шілдедегі № 180 «Туристік ақпаратты, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлңалар туралы ақпарат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 16 сәуірдегі № 106 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2015 жылғы 15 мамырда № 2721 болып тіркелді. Күші жойылды - Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 28 қыркүйектегі № 291 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Маңғыстау облысы әкімдігінің 28.09.2015 № 291 қаулысымен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2014 жылғы 22 шілдедегі № 180 «Туристік ақпаратты, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2488 болып тіркелген, 2014 жылғы 26 тамызда «Маңғыстау» газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген «Туристік ақпаратты, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
      2-бөлімнің 5-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысының өтінішті қарауы және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесінің жобасын ресімдеуі;».
      2. «Маңғыстау облысының туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Г.М. Байжаунова) осы қаулының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Р.М. Әміржановқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

      Облыс әкімі                             А. Айдарбаев
 
 

      «КЕЛІСІЛДІ»
      «Маңғыстау облысының
      туризм басқармасы»
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      Г.М. Байжаунова
      16 сәуір 2015 ж.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады