Қылмыстық - атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Ақтау қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 14 шілдедегі № 962 қаулысы. Маңғыстау облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 8 тамызда № 2483 болып тіркелді. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Ақтау қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 14 наурыздағы № 512 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Маңғыстау облысы Ақтау қаласы әкімдігінің 14.03.2017 № 512 қаулысымен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарына сәйкес, қылмыстық - атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғаларды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларды және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандарды әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мақсатында, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ақтау қаласының жұмыс берушілеріне жұмыс орындарына мынадай квота белгіленсін:
      қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалар үшін жұмыс орындары жалпы санының 1 пайызы мөлшерінде;
      бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар үшін жұмыс орындары жалпы санының 1 пайызы мөлшерінде;
      интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындары жалпы санының 1 пайызы мөлшерінде.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда Маңғыстау облысы Ақтау қаласы әкімдігінің 18.03.2016 № 506 қаулысымен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. "Ақтау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Г. Хайрлиева) қамтамасыз етсін:
      1) белгіленген квотаға сәйкес бос жұмыс орындарына қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрғандарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларды және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандарды жіберу;
      2) Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін осы қаулының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жариялауын камтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Ж.Т. Көшмағанбетовке жүктелсін.
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда Маңғыстау облысы Ақтау қаласы әкімдігінің 18.03.2016 № 506 қаулысымен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      4. Қала әкімдігінің осы қаулысы Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қала әкімі Е. Жаңбыршин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады