РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 31 бабы 1 тармағының 14) тармақшасына және "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 7 бабы 5-5) және 5-6) тармақшаларына, сонымен қатар Ақтау қаласы прокуратурасының 2015 жылғы 27 қазандағы № 2-110112-15-11192 ұсынысына сәйкес, қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандарды және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандарды әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мақсатында, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақтау қаласы әкімдігінің "2014 жылғы 14 шілдедегі № 962 "Қылмыстық - атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2483 болып тіркелген, 2014 жылғы 15 тамыздағы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесідей өзгерістер енгізілсін:
орыс тіліндегі тақырыпқа өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын;
1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Ақтау қаласының жұмыс берушілеріне жұмыс орындарына мынадай квота белгіленсін:
қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалар үшін жұмыс орындары жалпы санының 1 пайызы мөлшерінде;
бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар үшін жұмыс орындары жалпы санының 1 пайызы мөлшерінде;
интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындары жалпы санының 1 пайызы мөлшерінде.";
3 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Ж.Т. Көшмағанбетовке жүктелсін.".
2. "Ақтау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысына (Г.Н. Хайрлиева) осы қаулының Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін, оның "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Ж.Т. Көшмағанбетовке жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | С. Трұмов |
"КЕЛІСІЛДІ":
"Ақтау қалалық жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
Г.Н. Хайрлиева
"18" наурыз 2016 жыл