Ескерту. Күші жойылды – Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы әкімдігінің 24.05.2016 № 77 қаулысымен (қабылданған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2013 жылғы 21 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес аудандық әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақ тіліндегі атаулары өзгертілсін:
"Тәжен селосы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі "Тәжен ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі болып;
"Тұрыш селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі "Тұрыш ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі болып.
2. "Тәжен селосы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің орыс тіліндегі атауы государственное учреждение "Аппарат акима села Тажен" болып өзгертілсін.
"Тұрыш ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің орыс тіліндегі атауы өзгермейді.
Ескерту. 2 - тармақ жаңа редакцияда - Бейнеу ауданының әкімдігінің 10.03.2015 № 49(жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.3. Осы қаулының 1-тармағында көрсетілген мемлекеттік мекемелердің ережелері тиісінше осы қаулыға 1, 2 – қосымшаларға сай бекітілсін.
4. "Бейнеу ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (одан әрі – аппарат) осы қаулының "Әділет" ақпараттық – құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, аудандық әкімдіктің интернет – ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аппарат басшысы Ү.Әмірхановаға жүктелсін.
6. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Б.Әзірханов |
Бейнеу аудандық әкімдігінің | |
2014 жылғы 11 қарашадағы | |
№ 189 қаулысына 1-қосымша |
"Тәжен ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің
ЕРЕЖЕСІ
1. Жалпы ережелер
1. "Тәжен ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі жергілікті мемлекеттік басқару саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. "Тәжен ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. "Тәжен ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық – құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. "Тәжен ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі азаматтық–құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. "Тәжен ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық–құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. "Тәжен ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Тәжен ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысының өкімдерімен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. "Тәжен ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 130101, Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Тәжен ауылы.
9. Мемлекеттік органның толық атауы:
мемлекеттік тілде: "Тәжен ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі;
орыс тілінде: государственное учреждение "Аппарат акима села Тажен".
10. "Тәжен ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Бейнеу аудандық әкімдігі болып табылады.
11. Осы Ереже "Тәжен ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
12. "Тәжен ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
13. "Тәжен ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Тәжен ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер "Тәжен ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
14. "Тәжен ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің жұмыс режимі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес дербес анықталады.
2. "Тәжен ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
15. "Тәжен ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің миссиясы:
Тәжен ауылы аумағында мемлекеттік саясатты жүргізуді қамтамасыз ету.
16. Міндеттері:
Тәжен ауылы әкімінің (одан әрі – әкім) қызметін ақпараттық–талдаушылық, ұйымдық–құқықтық және материалдық–техникалық қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының Конституциясының, Қазақстан Республикасының заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентінің, Үкіметінің актілерінің, облыс және аудан әкімдіктерінің қаулыларының, облыс әкімінің, аудан әкімінің және әкімнің шешімдерінің және өкімдерінің орындалуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
барлық мемлекеттiк органдармен, сондай-ақ барлық жеке меншiк нысанындағы ұйымдармен өзара әрекет жасасу;
әкімнің қызметін ұйымдастырушылық қамтамасыз ету, соның ішінде әкім қатысатын іс-шараларды өткізу;
әкімнің қызметін құжаттамалық қамтамасыз ету, іс жүргізуді ұйымдастыру, қызмет құжаттары мен азаматтардың өтініштерін қарау, құжаттар айналымын талдау, ресми бланктер мен елтаңбалық мөрлердің сақталуына және пайдалануына бақылау жасау;
Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін бұзушылықтарды жою жөніндегі шаралар алу;
органдармен және ұйымдармен, лауазымды тұлғалармен дайындалған әкімнің актілерінің жобаларын, егер олар белгіленген талаптарға сай келмесе өңдеуге қайтару, сонымен қатар қаралуы басқа лауазымды тұлғалардың және ұйымдардың құзыретіне жататын құжаттар мен материалдарды қайтару;
әкімнің қарауына жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдар, басқа да ұйымдармен және лауазым иелерімен қызметтік хаттар алысуды жүргізу;
әкiмнің азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен мiндеттерiне қатысты актiлерiн (Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпиялары және заңмен қорғалатын өзге де құпиялары бар актiлерден басқа) ресми жариялауды ұйымдастыру;
әкiмнің нормативтік құқықтық шешімдерін Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнiң аумақтық органдарының мемлекеттiк тiркеуiне Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте ұсыну.
17. Функциялары:
Тәжен ауылының аумағында жоспарлық құжаттарды, нормативтік құқықтық актілерді орындау, мемлекеттік органдардың жоспарлы құжаттарында көзделген мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу, мемлекеттік қызметтер көрсетуді ұсыну.
"Тәжен ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
18. Құқықтары мен міндеттері:
"Тәжен ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құқығы бар:
1) мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарды иемденіп алуға және жүзеге асыруға;
2) осы ережеде көзделген мақсаттарды жүзеге асыруға қаражаттарды пайдалануға;
3) сотта талап қоюшы және жауапкер болуға;
4) Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін өзге де құқықтарды жүзеге асыруға.
"Тәжен ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі міндетті:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауға;
2) белгіленген тәртіппен салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуге;
3) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жауапкершілікте болуға.
3. "Тәжен ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру
19. "Тәжен ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Тәжен ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын әкіммен жүзеге асырылады.
20. Әкім Қазақстан Республикасының Президенті белгілейтін тәртіпте қызметке тағайындалады немесе сайланады, қызметінен босатылады және өз өкілеттігін тоқтатады.
21. Әкімнің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары (орынбасарлары) болуы мүмкін.
22. Әкімнің өкілеттігі:
1) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 35-бабында көрсетілген өкілеттіктерді жүзеге асырады;
2) "Тәжен ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерінің міндеттерін анықтайды;
3) "Тәжен ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
4) заңнамамен белгіленген тәртіпте "Тәжен ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін ынталандыруды жүзеге асырады;
5) заңнамамен белгіленген тәртіпте "Тәжен ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне тәртіптік жаза тағайындайды;
6) мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынастарда "Тәжен ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мүдделерін білдіреді;
7) нормативтiк – құқықтық сипаттағы шешiмдер және әкiмшiлiк – басқарушылық, жедел және дербес сипаттағы мәселелер бойынша өкiмдер шығарады.
Әкім "Тәжен ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекетті ұйымдастыруға дербес жауапты болады.
Әкімнің құзырына Қазақстан Республикасының заңнамасымен өзге де мәселелердi шешу жатқызылуы мүмкiн.
Әкім болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
23. Әкім өз орынбасарының (орынбасарларының) (болған жағдайда) өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
4. "Тәжен ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мүлкi
24. "Тәжен ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкін.
"Тәжен ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мүлкi оған меншік иесі берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
25. "Тәжен ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.
26. Егер заңнамамен өзгеше көзделмесе, "Тәжен ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
5. Ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі
27. Ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу Бейнеу аудандық әкімдігінің қаулысымен жүргізіледі.
28. Ережеге енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркеледі.
6. "Тәжен ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату
29. "Тәжен ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
|
"Тұрыш ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің
ЕРЕЖЕСІ
1. Жалпы ережелер
1. "Тұрыш ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі жергілікті мемлекеттік басқару саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. "Тұрыш ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. "Тұрыш ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық – құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. "Тұрыш ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі азаматтық–құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. "Тұрыш ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық–құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. "Тұрыш ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Тұрыш ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысының өкімдерімен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. "Тұрыш ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 130108, Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Тұрыш ауылы.
9. Мемлекеттік органның толық атауы:
мемлекеттік тілде: "Тұрыш ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі;
орыс тілінде: государственное учреждение "Аппарат акима Турышского сельского округа".
10. "Тұрыш ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Бейнеу аудандық әкімдігі болып табылады.
11. Осы Ереже "Тұрыш ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
12. "Тұрыш ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
13. "Тұрыш ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Тұрыш ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер "Тұрыш ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
14. "Тұрыш ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің жұмыс режимі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес дербес анықталады.
2. "Тұрыш ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
15. "Тұрыш ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің миссиясы:
Тұрыш ауылдық округінің аумағында мемлекеттік саясатты жүргізуді қамтамасыз ету.
16. Міндеттері:
Тұрыш ауылдық округі әкімінің (одан әрі – әкім) қызметін ақпараттық–талдаушылық, ұйымдық–құқықтық және материалдық–техникалық қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының Конституциясының, Қазақстан Республикасының заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентінің, Үкіметінің актілерінің, облыс және аудан әкімдіктерінің қаулыларының, облыс әкімінің, аудан әкімінің және әкімнің шешімдерінің және өкімдерінің орындалуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
барлық мемлекеттiк органдармен, сондай-ақ барлық жеке меншiк нысанындағы ұйымдармен өзара әрекет жасасу;
әкімнің қызметін ұйымдастырушылық қамтамасыз ету, соның ішінде әкім қатысатын іс-шараларды өткізу;
әкімнің қызметін құжаттамалық қамтамасыз ету, іс жүргізуді ұйымдастыру, қызмет құжаттары мен азаматтардың өтініштерін қарау, құжаттар айналымын талдау, ресми бланктер мен елтаңбалық мөрлердің сақталуына және пайдалануына бақылау жасау;
Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін бұзушылықтарды жою жөніндегі шаралар алу;
органдармен және ұйымдармен, лауазымды тұлғалармен дайындалған әкімнің актілерінің жобаларын, егер олар белгіленген талаптарға сай келмесе өңдеуге қайтару, сонымен қатар қаралуы басқа лауазымды тұлғалардың және ұйымдардың құзыретіне жататын құжаттар мен материалдарды қайтару;
әкімнің қарауына жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдар, басқа да ұйымдармен және лауазым иелерімен қызметтік хаттар алысуды жүргізу;
әкiмнің азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен мiндеттерiне қатысты актiлерiн (Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпиялары және заңмен қорғалатын өзге де құпиялары бар актiлерден басқа) ресми жариялауды ұйымдастыру;
әкiмнің нормативтік құқықтық шешімдерін Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнiң аумақтық органдарының мемлекеттiк тiркеуiне Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте ұсыну.
17. Функциялары:
Тұрыш ауылдық округінің аумағында жоспарлық құжаттарды, нормативтік құқықтық актілерді орындау, мемлекеттік органдардың жоспарлы құжаттарында көзделген мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу, мемлекеттік қызметтер көрсетуді ұсыну.
"Тұрыш ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
18. Құқықтары мен міндеттері:
"Тұрыш ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құқығы бар:
1) мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарды иемденіп алуға және жүзеге асыруға;
2) осы ережеде көзделген мақсаттарды жүзеге асыруға қаражаттарды пайдалануға;
3) сотта талап қоюшы және жауапкер болуға;
4) Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін өзге де құқықтарды жүзеге асыруға.
"Тұрыш ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі міндетті:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауға;
2) белгіленген тәртіппен салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуге;
3) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жауапкершілікте болуға.
3. "Тұрыш ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру
19. "Тұрыш ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Тұрыш ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын әкіммен жүзеге асырылады.
20. Әкім Қазақстан Республикасының Президенті белгілейтін тәртіпте қызметке тағайындалады немесе сайланады, қызметінен босатылады және өз өкілеттігін тоқтатады.
21. Әкімнің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары (орынбасарлары) болуы мүмкін.
22. Әкімнің өкілеттігі:
1) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 35-бабында көрсетілген өкілеттіктерді жүзеге асырады;
2) "Тұрыш ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерінің міндеттерін анықтайды;
3) "Тұрыш ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
4) заңнамамен белгіленген тәртіпте "Тұрыш ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін ынталандыруды жүзеге асырады;
5) заңнамамен белгіленген тәртіпте "Тұрыш ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне тәртіптік жаза тағайындайды;
6) мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынастарда "Тұрыш ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мүдделерін білдіреді;
7) нормативтiк – құқықтық сипаттағы шешiмдер және әкiмшiлiк – басқарушылық, жедел және дербес сипаттағы мәселелер бойынша өкiмдер шығарады.
Әкім "Тұрыш ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекетті ұйымдастыруға дербес жауапты болады.
Әкімнің құзырына Қазақстан Республикасының заңнамасымен өзге де мәселелердi шешу жатқызылуы мүмкiн.
Әкім болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
23. Әкім өз орынбасарының (орынбасарларының) (болған жағдайда) өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
4. "Тұрыш ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мүлкi
24. "Тұрыш ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкін.
"Тұрыш ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мүлкi оған меншік иесі берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
25. "Тұрыш ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.
26. Егер заңнамамен өзгеше көзделмесе, "Тұрыш ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
5. Ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі
27. Ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу Бейнеу аудандық әкімдігінің қаулысымен жүргізіледі.
28. Ережеге енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркеледі.
6. "Тұрыш ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату
29. "Тұрыш ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.