Бейнеу ауданының әкімдігінің 2014 жылғы 11 қарашадағы № 189 "Мемлекеттік мекемелердің атауларын өзгерту және олардың ережелерін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Бейнеу аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 10 наурыздағы № 49 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2015 жылғы 16 сәуірде № 2680 болып тіркелді. Күші жойылды – Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 24 мамырдағы № 77 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы әкімдігінің 24.05.2016 № 77 қаулысымен (қабылданған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Бейнеу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2014 жылғы 11 қарашадағы № 189 "Мемлекеттік мекемелердің атауларын өзгерту және олардың ережелерін бекіту туралы" Бейнеу ауданының әкімдігінің қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2559 болып тіркелген, алғашқы ресми жарияланған күні 2014 жылғы 26 желтоқсан, ресми жариялау көзі "Рауан" газеті) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      қаулыда:

      1 тармақтың орыс тіліндегі мәтіні жаңа редакцияда жазылды, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;

       2 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "2. "Тәжен селосы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің орыс тіліндегі атауы государственное учреждение "Аппарат акима села Тажен" болып өзгертілсін.

      "Тұрыш ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің орыс тіліндегі атауы өзгермейді.".

      2. "Бейнеу ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (одан әрі – аппарат) осы қаулының "Әділет" ақпараттық – құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, аудан әкімдігінің интернет – ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалысын бақылау аппарат басшысы Ү.Әмірхановаға жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің
міндетін атқарушы
Қ.Әбілшеев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады