"Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы әкімдігінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 599 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 23 желтоқсанда № 5240 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 2017 жылғы 10 ақпандағы № 65 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 10.02.2017 № 65 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіру мақсатында Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
      Облыс әкімі Н. Садуакасов

  Әкімдіктің
2014 жылғы 2 желтоқсандағы
№ 599 қаулысымен бекітілген

"Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже

      Ескерту. Ережеде барлық мәтін бойынша "шаруашалық" деген сөзді "шаруашылық" сөзімен ауыстырылды - Қостанай облысы әкімдігінің 27.03.2015 № 109 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

1. Жалпы ережелер

      1. "Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі денсаулық сақтау саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінде осы Ереженің 1 және 2-қосымшаларында көрсетілген ведомстволық бағынысты ұйымдары бар.
      3. "Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңнамалық актілеріне, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. "Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Қостанай облысының әкімдігі болып табылады.
      Құрылтайшы "Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің жедел басқаруындағы мүліктің меншік иесі болып табылады.
      Құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізуді заңнамада көзделген тәртіппен Құрылтайшы жүзеге асырады.
      6. "Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      7. "Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің жұмыс режимі "Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрығымен бекітілген Жұмыс регламентіне сәйкес белгіленеді.
      8. "Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      9. "Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз құзыретiнiң мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен ресiмделетiн шешімдер қабылдайды.
      10. "Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.
      11. "Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің заңды мекенжайы: индексі 110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Быковский көшесі, 4 "А" үй.
      12. Мемлекеттік органның толық атауы - "Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі.
      13. Осы Ереже "Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      14. "Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      15. "Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесіне кәсiпкерлiк субъектілерімен "Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кiрiсiне жiберiледi.

2. "Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негiзгi мiндеттерi, функциялары, құқықтары мен мiндеттерi

      16. "Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің миссиясы – денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты дамытуға және сақтауға жәрдемдесу.
      17. Міндеттері:
      1) салааралық үйлестіруді жүзеге асыру, азаматтардың денсаулығын сақтау жөніндегі мемлекеттік, нысаналы және кешендік бағдарламаларды іске асыру бойынша қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;
      2) денсаулық сақтау кадрларын даярлау және олардың біліктілігін арттыру;
      3) азаматтардың денсаулығын сақтау саласындағы салааралық ынтымақтастықты дамыту;
      4) медициналық қызметтер көрсетуге арналған мемлекеттік тапсырысты қаржыландыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру.
      18. Функциялары:
      1) денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру және өңірлік денсаулық сақтау бағдарламаларының іске асырылуын қамтамасыз ету;
      2) Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау, білім және ғылым саласындағы заңнамасының орындалуын қамтамасыз ету;
      3) азаматтарды және оралмандарды тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде уақытша бейімдеу және детоксикациялау жөніндегі медициналық қызметтер көрсетуді қоса алғанда, медициналық көмекпен, дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз ету;
      4) денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне мониторинг пен бақылауды ұйымдастыруды және жүзеге асыруды қамтамасыз ету;
      5) денсаулық сақтаудың бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің функцияларын жүзеге асыру;
      6) Қазақстан Республикасының Үкіметімен белгіленген тәртіппен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі медициналық және фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру;
      7) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету шеңберінде дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялаушы) препараттарды:
      амбулаториялық деңгейде - уәкілетті орган бекітетін тізбеге сәйкес;
      стационарлық деңгейде - дәрілік формулярлар шегінде Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен сатып алуды жүзеге асыру;
      8) медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, медициналық емес жабдықтарды, санитариялық көлікті, сондай-ақ мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарына күрделі жөндеу жүргізуге арналған қызметтер көрсетуді сатып алуды ұйымдастыру;
      9) мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарын кадрмен қамтамасыз етуді ұйымдастыру;
      10) мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарын жарақтандыруды қамтамасыз ету;
      11) денсаулық сақтау саласындағы өңірлік электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің, ақпараттық-коммуникациялық желілердің құрылуы мен жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
      12) жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарындағы клиникалық базаларды жоғары және орта медициналық оқу орындарына беру;
      13) төтенше жағдайлар кезінде тегін медициналық көмек көрсетуді, дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етуді ұйымдастыру;
      14) денсаулық сақтау саласындағы кадрларды даярлау, олардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау жөніндегі қызметті ұйымдастыру және үйлестіру;
      15) гигиеналық оқытуды, салауатты өмір салты мен дұрыс тамақтануды насихаттау мен қалыптастыруды ұйымдастыру;
      16) халықты әлеуметтік маңызы бар аурулардың және айналадағыларға қауіп төндіретін аурулардың таралуы туралы хабардар ету;
      17) азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелері бойынша халықаралық және үкіметтік емес қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасау;
      18) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде статистикалық әдіснама талаптарын сақтай отырып, денсаулық сақтау саласындағы ведомстволық статистикалық байқауды жүзеге асыру;
      19) ведомстволық бағынысты мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары басшыларының кәсіптік құзыреттілігіне аттестаттауды жүргізу;
      20) өз құзыреті шегінде гендерлік саясатты іске асыру;
      21) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес медициналық және фармацевтикалық қызметті, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызмет түрлерін лицензиялауды жүзеге асыру;
      22) фармацевтикалық білімі бар маман болмаған жағдайда, аудан орталығынан шалғайдағы елді мекендерде алғашқы медициналық-санитариялық, консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарындағы дәріхана пункттері, жылжымалы дәріхана пункттері арқылы дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды өткізуді жүзеге асыру үшін медициналық білімі бар мамандарды оқыту және аттестаттау;
      23) денсаулық сақтау саласындағы мамандарды кәсіптік құзыреттілігіне аттестаттауды өткізу;
      23-1) өз құзіреті шегінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
      24) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.
      Ескерту. 18-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қостанай облысы әкімдігінің 29.02.2016 № 96 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      19. Ведомстволық бағынысты ұйымдардың функциясы медициналық қызметтерді көрсету болып табылады.
      20. "Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құқықтары мен міндеттері:
      1) азаматтардың денсаулығын сақтау және халықтың саламатты өмір салтын қалыптастыру саласындағы біртұтас мемлекеттік саясат жүргізуге бақылау жасауды жүзеге асыру;
      2) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан және лауазымды тұлғалардан ақпарат сұрату және алу, осы Ереженің 1, 2-қосымшаларында көрсетілген мемлекеттік медициналық кәсіпорындар мен мекемелерді құру мен тарату бойынша ұсыныстар енгізу;
      3) консультативтік-кеңестік және сараптамалық органдар ретінде "Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі қызметінің бағыттары бойынша кеңестер мен комитеттер құру және олар туралы ережелерді бекіту, ведомстволық бағынысты ұйымдарда бюджеттік қаражатты қалыптастырудың және пайдаланудың дұрыстығына, тиімділігіне тексерістер жүргізу;
      4) консультативтік кеңестік орган ретінде басшы (төраға), басшының орынбасарлары, сондай-ақ "Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі мен денсаулық сақтау ұйымдарының басқа да басшы қызметкерлері құрамында алқа құру. Алқа мүшелері мен олардың саны "Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі бастығының бұйрығымен бекітіледі. "Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің алқасы өзінің отырыстарында облыстың денсаулық сақтауды дамытудың негізгі мәселелерін, денсаулық сақтаудың ведомстволық бағынысты ұйымдары қызметінің мәселелерін қарайды;
      5) "Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар өткізу, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес басқа да өкілеттіктерді және өзге де құқықтарды пайдалану.
      6) "Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауға міндетті;
      7) заңнамада белгіленген тәртіппен бюджетке салықтар мен басқа да төлемдерді төлеу;
      8) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жауапкершілік пен өзге де міндеттерді алуға міндетті.

3. "Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

      21. "Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бiрiншi басшы жүзеге асырады.
      22. "Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бiрiншi басшысын Қостанай облысының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      23. "Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі бiрiншi басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
      24. "Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі бiрiншi басшысының өкілеттігі:
      1) өз орынбасарларының және "Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшелері басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерінің шеңберін белгілейді;
      2) қолданыстағы заңнамаға сәйкес "Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін, осы Ереженің 1, 2-қосымшаларында көрсетілген кәсіпорындар мен мекемелердің басшыларын, олардың орынбасарларын және бас бухгалтерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      3) "Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді, орындауға міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
      4) заңнамада белгіленген тәртіппен көтермелеу, материалдық көмек көрсету, тәртіптік жазалар қолдану мәселелерін шешеді;
      5) "Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің атынан сенімхатсыз әрекет жасайды;
      6) қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен барлық қарым-қатынастарды "Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің атынан жасайды;
      7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларды қолданбағаны үшін дербес жауапты болады;
      8) "Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарын, қызметкерлердің белгіленген еңбекақы төлеу қоры мен саны шегінде "Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымын бекітеді;
      9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      "Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бiрiншi басшысы болмаған кезеңде оның өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      25. Бiрiншi басшы өз орынбасарларының өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4. "Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      26. "Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінде заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
      "Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      27. "Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесіне бекiтiлген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      28. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің өзіне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлiктi өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. "Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

      29. "Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

  "Қостанай облысы әкімдігінің
денсаулық сақтау басқармасы"
мемлекеттік мекемесі туралы
ережеге 1-қосымша

"Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі

      Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді - Қостанай облысы әкімдігінің 29.02.2016 № 96 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      1. Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Қостанай облыстық саламатты өмір салтын қалыптастыру проблемаларының орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      2. Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Қостанай қалалық медициналық кезек күттірмейтін жедел жәрдем стансасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
      3. Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Қостанай медициналық колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
      4. Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Қостанай облыстық ішкі дерттану бюросы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
      5. Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Рудный қалалық медициналық жедел жәрдем стансасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
      6. Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Арқалық қалалық медициналық кезек күттірмейтін жедел жәрдем стансасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
      7. Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Арқалық медициналық колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
      8. Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Құсмұрын селолық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
      9. Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Качар қалалық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
      10. Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Қостанай облыстық тері-венерологиялық диспансері" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.
      11. Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Қостанай облыстық офтальмологиялық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.
      12. Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Әулиекөл аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.
      13. Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Қостанай облыстық наркологиялық диспансері" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.
      14. Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Қостанай облыстық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.
      15. Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Қостанай облыстық балалар ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.
      16. Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Қостанай облыстық онкологиялық диспансері" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.
      17. Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Қостанай облыстық балалар стоматологиялық емханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.
      18. Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Облыстық қан орталығы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.
      19. Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Қостанай қалалық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.
      20. Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Қостанай қалалық балалар ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.
      21. Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Қостанай перинаталдық орталығы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.
      22. Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Қостанай қаласының № 1 емханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.
      23. Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Қостанай қаласының № 2 емханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.
      24. Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Қостанай қаласының № 3 емханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.
      25. Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Қостанай қаласының № 4 емханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.
      26. Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Арқалық өңірлік ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.
      27. Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Арқалық өңірлік емханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.
      28. Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Арқалық перзентханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.
      29. Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Лисаков қалалық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.
      30. алынып тасталды - Қостанай облысы әкімдігінің 29.02.2016 № 96 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      31. Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Рудный қалалық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.
      32. Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Рудный қалалық балалар ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.
      33. Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Рудный қалалық емханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.
      34. Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Рудный перинаталдық орталығы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.
      35. Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Алтынсарин аудандық орталық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.
      36. Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Аманкелді аудандық орталық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.
      37. Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Денисов аудандық орталық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.
      38. Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Жангелдин аудандық орталық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.
      39. Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Жітіқара аудандық орталық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.
      40. Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Қамысты аудандық орталық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.
      41. Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Қарасу аудандық орталық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.
      42. Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Қарабалық аудандық орталық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.
      43. Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Қостанай аудандық орталық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.
      44. Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Меңдіқара аудандық орталық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.
      45. Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Науырзым аудандық орталық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.
      46. Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Октябрь селолық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.
      47. Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Сарыкөл аудандық орталық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.
      48. Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Таран аудандық орталық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.
      49. Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Ұзынкөл аудандық орталық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.
      50. Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Федоров аудандық орталық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.

  "Қостанай облысы әкімдігінің
денсаулық сақтау басқармасы"
мемлекеттік мекемесі туралы
ережеге 2-қосымша

"Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесі

      1. Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Қостанай облыстық психиатриялық ауруханасы" мемлекеттік мекемесі.
      2. Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Рудный қалалық психиатриялық ауруханасы" мемлекеттік мекемесі.
      3. Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Арқалық қалалық жүйке аурулар диспансері" мемлекеттік мекемесі.
      4. Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Қостанай облыстық туберкулезге қарсы диспансері" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      5. Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Қостанай облыстық ЖИТС алдын алу және онымен күресу жөніндегі орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      6. Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Қостанай облыстық арнайы медициналық құралдармен қамтамасыз ету базасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      7. Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "М. Қарабаев атындағы Қостанай облыстық туберкулезге қарсы санаторийі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      8. Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Дельфин" Қостанай сәбилер үйі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      9. Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Рудный туберкулезге қарсы диспансері" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      10. Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Рудный туберкулезге қарсы балалар санаторийі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      11. Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Орталық нерв жүйесі органикалық зақымданған және психикасы бұзылған балаларға арналған Рудный мамандандырылған сәбилер үйі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      12. Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Арқалық қаласының мамандандырылған сәбилер үйі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      13. Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Арқалық өңірлік туберкулезге қарсы диспансері" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      14. Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Меңдіқара аудандық туберкулезге қарсы ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      15. Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Әулиекөл аудандық туберкулезге қарсы ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      16. Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Жітіқара аудандық туберкулезге қарсы ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      17. Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Затобол ауданаралық туберкулезге қарсы ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады