Әкімдіктің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 599 "Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысына өзгерістер және толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы әкімдігінің 2016 жылғы 29 ақпандағы № 96 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 24 наурызда № 6225 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 2017 жылғы 10 ақпандағы № 65 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 10.02.2017 № 65 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігіҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қостанай облысы әкімдігінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 599 "Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5240 болып тіркелген, 2014 жылғы 30 желтоқсанда "Қостанай таңы" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер және толықтыру енгізілсін:
      жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген "Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
      18-тармақтың 14) және 21) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      "14) денсаулық сақтау саласындағы кадрларды даярлау, олардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау жөніндегі қызметті ұйымдастыру және үйлестіру;";
      "21) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес медициналық және фармацевтикалық қызметті, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызмет түрлерін лицензиялауды жүзеге асыру;";
      18-тармақ мынадай мазмұндағы 23-1) тармақшасымен толықтырылсын:
      "23-1) өз құзыреті шегінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;";
      30-тармақ "Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінен алынып тасталсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
      Қостанай облысының әкімі А. Мұхамбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады