1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қостанай облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | А. Мұхамбетов |
Әкімдіктің 2017 жылғы ақпандағы № 65 қаулысына қосымша |
Қостанай облысы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі
1. Қостанай облысы әкімдігінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 599 "Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5240 болып тіркелген, 2014 жылғы 30 желтоқсанда "Қостанай таңы" газетінде жарияланған).2. Қостанай облысы әкімдігінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 109 "Әкімдіктің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 599 "Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5534 болып тіркелген, 2015 жылғы 28 сәуірде "Қостанай таңы" газетінде жарияланған).
3. Қостанай облысы әкімдігінің 2016 жылғы 29 ақпандағы № 96 "Әкімдіктің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 599 "Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысына өзгерістер және толықтыру енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6225 болып тіркелген, 2016 жылғы 4 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).