Халықтың нысаналы топтарына жататын адамдардың 2014 жылға арналған қосымша тізбесін белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 22 қаңтардағы № 158 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 20 ақпанда № 4436 болып тіркелді

      "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 57-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына сәйкес, Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Халықтың нысаналы топтарына жататын адамдардың 2014 жылға арналған келесі қосымша тізбесі белгіленсін:
      1) жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
      2) ұзақ уақыт жұмыс істемейтін азаматтар (бір жыл және одан да көп);
      3) елу жастан асқан адамдар;
      4) мамандығы (кәсібі) жоқ жұмыссыздар;
      5) халықты жұмыспен қамту орталығының жолдамасы бойынша кәсіптік оқуды бітірген жұмыссыздар;
      6) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарынан алған мамандығы (кәсібі) бойынша жұмыс тәжірибесі мен өтілі жоқ бітірушілер;
      7) "Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі" мемлекеттік мекемесінде жұмыссыздар ретінде тіркелген, лайықты жұмысы жоқ адамдар.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің орынбасары М.Ж. Қалиевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2014 жылдың 01 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға таратылады.

      Әкім                                       Ғ. Нұрмұхамбетов

      КЕЛІСІЛГЕН

      "Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен
      қамту және әлеуметтік бағдарламалары
      бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы
      _________________ В. Константинов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады