"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7, 20–баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31–бабына сәйкес Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берілген ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі және нақты жағдайлары, қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздарға еңбекақы төлеу мөлшері бекітілсін.
2. Қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздарға еңбекақы төлеу нақты орындалған жұмыстар үшін, 2015 жылға белгіленген ең төменгі айлық жалақыдан кем емес мөлшерде жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүргізілсін.
3. Еңбекақы, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген мөлшерде әлеуметтік салықты, қосылған құн салығын төлеуге, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарға, жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының пайдаланылмаған күндері үшін өтемақы төлемдеріне, қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздарға тиесілі жалақы есептеу және төлеу бойынша екінші деңгейдегі банктердің қызметтеріне комиссиялық сыйақы төлеуге арналған шығындар жергілікті бюджет қаражаты есебінен өтелетіні белгіленсін.
4. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру "Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі және тізбеде белгіленген ұйымдар арасында, қолданыстағы заңнамаға сәйкес жасалған қоғамдық жұмыстарды орындауға арналған шартта көрсетілген жағдайларда жүргізілсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Рудный қаласы әкімінің орынбасары М.Ә. Досболовқа жүктелсін.
6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Рудный қаласының әкімі Б. Ғаязов
Рудный қаласы әкімдігінің
2014 жылғы 5 қарашадағы
№ 2033 қаулысымен бекітілген
Ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері,
көлемі және нақты жағдайлары, қоғамдық жұмыстарға қатысатын
жұмыссыздарға еңбекақы төлеу мөлшері
Ескерту. Тізбеге өзгерістер енгізілді - Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 17.04.2015 № 582 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен қолданысқа енгізіледі).
№ |
Ұйымның атауы |
Жұмыс түрлері |
Жұмыс көлемі, сағатпен |
Еңбекақы төлемі |
Нақты жұмыс жағдайлары |
1 |
"Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қостанай облысының Әділет департаменті Рудный қаласының әділет басқармасы" мемлекеттік мекемесі |
Қызметкердің алдын ала кәсіби даярлығын талап етпейтін, құжаттаманы өңдеу бойынша жұмыстарды жүргізуде күнделікті көмек көрсету |
9800 |
Ең төменгі айлық жалақының 2 мөлшері |
Қоғамдық жұмыстарға бір қатысушының жұмыс уақытының ұзақтығы – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен ескерілген шектеулерді есепке алып, аптасына 40 сағаттан артық емес, екі демалыс күнімен, бір сағаттан кем емес түскі үзіліспен. |
2 |
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің "Қостанай облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі Ортылығы" Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Рудный филиалы |
Қызметкердің алдын ала кәсіби даярлығын талап етпейтін, құжаттаманы өңдеу бойынша жұмыстарды жүргізуде күнделікті көмек көрсету |
3920 |
Ең төменгі айлық жалақының 2 мөлшері |
Қоғамдық жұмыстарға бір қатысушының жұмыс уақытының ұзақтығы – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен ескерілген шектеулерді есепке алып, аптасына 40 сағаттан артық емес, екі демалыс күнімен, бір сағаттан кем емес түскі үзіліспен. |
3 |
"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Рудный қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесі |
Қызметкердің алдын ала кәсіби даярлығын талап етпейтін, құжаттаманы өңдеу бойынша жұмыстарды жүргізуде күнделікті көмек көрсету |
39200 |
Ең төменгі айлық жалақының 2 мөлшері |
Қоғамдық жұмыстарға бір қатысушының жұмыс уақытының ұзақтығы – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен ескерілген шектеулерді есепке алып, аптасына 40 сағаттан артық емес, екі демалыс күнімен, бір сағаттан кем емес түскі үзіліспен. |
4 |
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің "Қостанай облысы Рудный қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесі |
Қызметкердің алдын ала кәсіби даярлығын талап етпейтін, құжаттаманы өңдеу бойынша жұмыстарды жүргізуде күнделікті көмек көрсету |
7840 |
Ең төменгі айлық жалақының 2 мөлшері |
Қоғамдық жұмыстарға бір қатысушының жұмыс уақытының ұзақтығы – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен ескерілген шектеулерді есепке алып, аптасына 40 сағаттан артық емес, екі демалыс күнімен, бір сағаттан кем емес түскі үзіліспен. |
5 |
"Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қостанай облысының Ішкі істер департаменті Рудный қаласының ішкі істер басқармасы" мемлекеттік мекемесі |
Қызметкердің алдын ала кәсіби даярлығын талап етпейтін, құжаттаманы өңдеу бойынша жұмыстарды жүргізуде күнделікті көмек көрсету |
42816 |
Ең төменгі айлық жалақының 2 мөлшері |
Қоғамдық жұмыстарға бір қатысушының жұмыс уақытының ұзақтығы – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен ескерілген шектеулерді есепке алып, аптасына 40 сағаттан артық емес, екі демалыс күнімен, бір сағаттан кем емес түскі үзіліспен. |
6 |
"Қашар кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
Қызметкердің алдын ала кәсіби даярлығын талап етпейтін, құжаттаманы өңдеу бойынша жұмыстарды жүргізуде күнделікті көмек көрсету |
3920 |
Ең төменгі айлық жалақының 2 мөлшері |
Қоғамдық жұмыстарға бір қатысушының жұмыс уақытының ұзақтығы – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен ескерілген шектеулерді есепке алып, аптасына 40 сағаттан артық емес, екі демалыс күнімен, бір сағаттан кем емес түскі үзіліспен. |
7 |
"Рудный қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (мемлекеттік органы) |
Қызметкердің алдын ала кәсіби даярлығын талап етпейтін, құжаттаманы өңдеу бойынша жұмыстарды жүргізуде күнделікті көмек көрсету |
18840 |
Ең төменгі айлық жалақының 2 мөлшері |
Қоғамдық жұмыстарға бір қатысушының жұмыс уақытының ұзақтығы – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен ескерілген шектеулерді есепке алып, аптасына 40 сағаттан артық емес, екі демалыс күнімен, бір сағаттан кем емес түскі үзіліспен. |
8 |
Рудный қаласы әкімдігінің "Горняцк кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
Қызметкердің алдын ала кәсіби даярлығын талап етпейтін, құжаттаманы өңдеу бойынша жұмыстарды жүргізуде күнделікті көмек көрсету |
5424 |
Ең төменгі айлық жалақының 2 мөлшері |
Қоғамдық жұмыстарға бір қатысушының жұмыс уақытының ұзақтығы – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен ескерілген шектеулерді есепке алып, аптасына 40 сағаттан артық емес, екі демалыс күнімен, бір сағаттан кем емес түскі үзіліспен. |
9 |
Рудный қаласы әкімдігінің "Жұмыспен қамту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
Қызметкердің алдын ала кәсіби даярлығын талап етпейтін, тәртіп сақтау бойынша көмек көрсету |
24000 |
Ең төменгі айлық жалақының 2,2 мөлшері Ең төменгі айлық жалақының 2,5 мөлшері |
Жұмыс уақытының жиынтық есебін қолдануымен және жұмыстың аяқталуы мен келесі жұмыс ауысымның басталуы арасындағы қоғамдық жұмыстарға қатысушының демалыс ұзақтығының міндетті сақталуымен ауысымды жұмыс кестесі бекітіледі. Қоғамдық жұмыстарға бір қатысушының жұмыс уақытының ұзақтығы – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен ескерілген шектеулерді есепке алып, аптасына 40 сағаттан артық емес, екі демалыс күнімен, бір сағаттан кем емес түскі үзіліспен. |
10 |
Рудный қаласы әкімдігінің "Қалалық мәдениет және демалыс саябағы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны |
Қызметкердің алдын ала кәсіби даярлығын талап етпейтін, қалалық мәдениет және демалыс саябағын жинауда және абаттандыруда күнделікті көмек көрсету |
23912 |
Ең төменгі айлық жалақының 2,5 мөлшері |
Қоғамдық жұмыстарға бір қатысушының жұмыс уақытының ұзақтығы – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен ескерілген шектеулерді есепке алып, аптасына 40 сағаттан артық емес, екі демалыс күнімен, бір сағаттан кем емес түскі үзіліспен. |
Қызметкердің алдын ала кәсіби даярлығын талап етпейтін, қосымша жұмыстарды жүргізуде күнделікті көмек көрсету |
1960 |

|||
11 |
Рудный қаласы әкімдігінің "РАХАТ" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны |
Қызметкердiң алдын ала кәсiптік даярлаудан өтуiн талап етпейтiн, Рудный қаласы, Горняцк, Қашар кенттері, Перцев ауылы көшелерінің жүргінші жолын бойлайтын жиектерін үнемі қолмен тазарту Қызметкердiң алдын ала кәсiптік даярлаудан өтуiн талап етпейтiн, Рудный қаласының, Горняцк Қашар кенттерінің, Перцев ауылының аумағын жинауда және абаттандыруда күнделікті көмек көрсету Қызметкердiң алдын ала кәсiптік даярлаудан өтуiн талап етпейтiн, Рудный қаласының, Горняцк, Қашар кенттерінің, Перцев ауылының аумағын көгалдандыруда күнделікті көмек көрсету |
78400 117600 27840 |
Ең төменгі айлық жалақының 2,5 мөлшері Ең төменгі айлық жалақының 2,5 мөлшері Ең төменгі айлық жалақының 2,5 мөлшері |
Қоғамдық жұмыстарға бір қатысушының жұмыс уақытының ұзақтығы – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен ескерілген шектеулерді есепке алып, аптасына 40 сағаттан артық емес, екі демалыс күнімен, бір сағаттан кем емес түскі үзіліспен. |
12 |
Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі |
Қызметкердің алдын ала кәсіби даярлығын талап етпейтін, құжаттаманы өңдеу бойынша жұмыстарды жүргізуде күнделікті көмек көрсету |
1648 |
Ең төменгі айлық жалақының 2 мөлшері |
Қоғамдық жұмыстарға бір қатысушының жұмыс уақытының ұзақтығы – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен ескерілген шектеулерді есепке алып, аптасына 40 сағаттан артық емес, екі демалыс күнімен, бір сағаттан кем емес түскі үзіліспен. |
13 |
Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі |
Қызметкердің алдын ала кәсіби даярлығын талап етпейтін, құжаттаманы өңдеу бойынша жұмыстарды жүргізуде күнделікті көмек көрсету |
5730 |
Ең төменгі айлық жалақының 2 мөлшері |
Қоғамдық жұмыстарға бір қатысушының жұмыс уақытының ұзақтығы – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен ескерілген шектеулерді есепке алып, аптасына 40 сағаттан артық емес, екі демалыс күнімен, бір сағаттан кем емес түскі үзіліспен. |
14 |
Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі |
Қызметкердің алдын ала кәсіби даярлығын талап етпейтін, құжаттаманы өңдеу бойынша жұмыстарды жүргізуде күнделікті көмек көрсету |
3920 |
Ең төменгі айлық жалақының 2 мөлшері |
Қоғамдық жұмыстарға бір қатысушының жұмыс уақытының ұзақтығы – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен көзделген шектеулерді есепке алып, аптасына 40 сағаттан артық емес, екі демалыс күнімен, бір сағаттан кем емес түскі үзіліспен. |
15 |
Рудный қаласы әкімдігінің "Тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі |
Қызметкердің алдын ала кәсіби даярлығын талап етпейтін, құжаттаманы өңдеу бойынша жұмыстарды жүргізуде күнделікті көмек көрсету |
1960 |
Ең төменгі айлық жалақының 2 мөлшері |
Қоғамдық жұмыстарға бір қатысушының жұмыс уақытының ұзақтығы – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен көзделген шектеулерді есепке алып, аптасына 40 сағаттан артық емес, екі демалыс күнімен, бір сағаттан кем емес түскі үзіліспен. |
16 |
Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің "Белгілі тұрағы жоқ тұлғаларға арналған әлеуметтік бейімделу орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
Қызметкердің алдын ала кәсіби даярлығын талап етпейтін, қосымша жұмыстарды жүргізуде күнделікті көмек көрсету |
3920 |
Ең төменгі айлық жалақының 2,5 мөлшері |
Қоғамдық жұмыстарға бір қатысушының жұмыс уақытының ұзақтығы – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен ескерілген шектеулерді есепке алып, аптасына 40 сағаттан артық емес, екі демалыс күнімен, бір сағаттан кем емес түскі үзіліспен. |
17 |
"Рудный қалалық мемлекеттік мұрағаты" "Қостанай облысының мемлекеттік мұрағаты" мемлекеттік мекемесінің филиалы |
Қызметкердің алдын ала кәсіби даярлығын талап етпейтін, құжаттаманы өңдеу бойынша жұмыстарды жүргізуде күнделікті көмек көрсету |
3920 |
Ең төменгі айлық жалақының 2 мөлшері |
Қоғамдық жұмыстарға бір қатысушының жұмыс уақытының ұзақтығы – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен ескерілген шектеулерді есепке алып, аптасына 40 сағаттан артық емес, екі демалыс күнімен, бір сағаттан кем емес түскі үзіліспен. |
18 |
"Рудный қаласының прокуратурасы" мемлекеттік мекемесі |
Қызметкердің алдын ала кәсіби даярлығын талап етпейтін, құжаттаманы өңдеу бойынша жұмыстарды жүргізуде күнделікті көмек көрсету |
7232 |