Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 "Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органының үлгi ережесiн бекiту туралы" Жарлығына сәйкес, Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Рудный қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 14 қарашадағы № 2125 "Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5259 болып тіркелген, 2015жылғы 6 қаңтардағы "Рудненский рабочий" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
17-тармақта 18) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"18) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету;".
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы З.В. Жигуноваға жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Рудный қаласының әкімі | Б. Ғаязов |