2014 жылға өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері бойынша егіс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдерін белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Амангелді ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 28 мамырдағы № 173 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 23 маусымда № 4869 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, "Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы Заңының 5-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Амангелді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруға жататын өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң түрлерi бойынша Амангелді ауданының аумағында егiс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзiмдерi осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т.Т. Карбозовқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі және 2014 жылғы 15 мамырдан бастап туындаған қатынастарға таратылады.

      Аудан әкімі                                Ж. Таукенов

Әкімдіктің       
2014 жылғы 28 мамырдағы
№ 173 қаулысына қосымша

Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруға
жататын өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң түрлерi
бойынша Амангелді ауданының аумағында егiс
жұмыстардың басталуы мен аяқталуының
оңтайлы мерзiмдерi

Өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң түрлерi

Егіс жұмыстардың басталуы мен аяқталуы

1

Дәнді (жаздық)

2014 жылғы 15 мамырдан 5 маусымға дейін

2

Майлы

2014 жылғы 15 мамырдан 30 мамырға дейін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады