Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Құсмұрын кентінің жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын және ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Әулиекөл ауданы мәслихатының 2014 жылғы 19 наурыздағы № 143 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 29 сәуірде № 4657 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Әулиекөл ауданы мәслихатының 2021 жылғы 26 қаңтардағы № 9 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Әулиекөл ауданы мәслихатының 26.01.2021 № 9 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-3-бабының 6-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес Әулиекөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Құсмұрын кентінің Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары бекітілсін.

      2. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Құсмұрын кентінің жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы бекітілсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Тоғызыншы


сессияның төрайымы

А. Кеңесбаева

Аудандық


мәслихаттың хатшысы

А. Бондаренко

КЕЛІСІЛДІ:


Әулиекөл ауданы


Құсмұрын кентінің әкімі


_____________________ Т.А. Әшімов



  Мәслихаттың 2014 жылғы 19 наурыздағы
№ 143 шешімімен
бекітілген

Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Құсмұрын кентінің
бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу
қағидалары

      1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Құсмұрын кентінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысымен бекітілген, Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларына сәйкес әзірленді және Әулиекөл ауданының Құсмұрын кентінің ауылдары тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

      2. Құсмұрын кентінің аумағындағы ауыл тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындары (бұдан әрі – бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін ауылдың, көшенің, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының өкілдерін сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.

      2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі

      3. Бөлек жиынды Құсмұрын кентінің әкімі шақырады.

      Әулиекөл ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.

      4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.

      5. Құсмұрын кентінің ауылдары шегінде бөлек жиынды өткізуді Құсмұрын кентінің әкімі ұйымдастырады.

      6. Бөлек жиынды ашудың алдында Құсмұрын кентінің ауыл тұрғындары қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

      7. Бөлек жиынды Құсмұрын кентінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

      Құсмұрын кентінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.

      Бөлек жиынның хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.

      8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Құсмұрын кентінің ауылдары, көшелері, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының өкілдерінің кандидатураларын Әулиекөл аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.

      9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

      10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны Құсмұрын кенті әкімінің аппаратына береді.

  Мәслихаттың 2014 жылғы 19 наурыздағы
№ 143 шешіміне қосымша

Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Құсмұрын кентінің
жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін ауыл
тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы

Елді мекеннің атауы

Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Құсмұрын кенті ауылдары тұрғындары өкілдерінің саны (адам)

Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Құсмұрын кентінің Киров ауылының тұрғындары үшін

3

Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Құсмұрын кентінің тұрғындары үшін

137


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады