Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Жітіқара ауданы мәслихатының 30.11.2023 № 84 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - Қостанай облысы Жітіқара ауданы мәслихатының 25.01.2022 № 125 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес Жітіқара аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Қостанай облысы Жітіқара ауданы Чайковский ауылының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Жітіқара ауданы мәслихатының 25.01.2022 № 125 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Қостанай облысы Жітіқара ауданы Чайковский ауылы жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы бекітілсін.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Жітіқара ауданы мәслихатының 25.01.2022 № 125 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы | Н. Коваленко |
Жітіқара аудандық | |
мәслихатының хатшысы | М. Кененбаева |
КЕЛІСІЛДІ | |
Қостанай облысы Жітіқара ауданы | |
Чайковское ауылының әкімі | |
_________ А. Шаденов |
Мәслихаттың 2014 жылғы 23 сәуірдегі № 233 шешіміне 1-қосымша |
Ескерту. 1-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышына өзгеріс енгізілді - Қостанай облысы Жітіқара ауданы мәслихатының 25.01.2022 № 125 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қостанай облысы Жітіқара ауданы Чайковский ауылының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Қостанай облысы Жітіқара ауданы мәслихатының 25.01.2022 № 125 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қостанай облысы Жітіқара ауданы Чайковский ауылының бөлек жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабы 6-тармағына және "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес әзірленді және Чайковский ауылы тұрғындарының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;
2) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны – ауыл тұрғындарының жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.
2. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі
3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін ауылдық округтің аумағы учаскелерге (көшелер) бөлінеді.
4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.
5. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Чайковский ауылының әкімі шақырады және ұйымдастырады.
6. Жергілікті қоғамдастықтың халқына жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы Чайковский ауылының әкімімен бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабарлайды.
7. Ауыл, көше шегінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуді Чайковский ауылының әкімі ұйымдастырады.
Көше шегінде көппәтерлі үйлер болған жағдайда, көппәтерлі үйдің бөлек жиындары өткізілмейді.
8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының ашылуы алдында тиісті ауылдың оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы ауылда, көшеде тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.
9. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Чайковский ауылының әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
Чайковский ауылының әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс берумен хатшы сайланады.
10. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын аудан мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жергілікті қоғамдастық жиынына қатысушылар ұсынады.
11. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп даусын жинаған кандидаттар сайланған болып есептеледі.
12. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және ол Чайковский ауылының әкімінің аппаратына беріледі.
Мәслихаттың 2014 жылғы 23 сәуірдегі № 233 шешіміне 2-қосымша |
Ескерту. 2-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышына өзгеріс енгізілді - Қостанай облысы Жітіқара ауданы мәслихатының 25.01.2022 № 125 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қостанай облысы Жітіқара ауданы Чайковский ауылының жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - Қостанай облысы Жітіқара ауданы мәслихатының 25.01.2022 № 125 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
№ | Чайковский ауылы көшелерінің атауы | Өкілдерінің саны (адам) |
1 | Октябрьская көшесі | 3 |
2 | Мира көшесі | 3 |
3 | 40 лет Победы көшесі | 1 |
4 | Школьная көшесі | 2 |
5 | Набережная көшесі | 3 |
6 | Клубная көшесі | 1 |
7 | Пионерская көшесі | 1 |
8 | Новая, Степная, Советская, Казахская көшелері | 1 |
9 | 20 лет Целины, Новостройка көшелері | 1 |
10 | Калинина, Парковая, Целинная көшелері | 2 |
Барлығы | 18 |