Қостанай облысы Қарабалық ауданы Қостанай ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидасын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қарабалық ауданы мәслихатының 2014 жылғы 29 сәуірдегі № 233 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 27 мамырда № 4762 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарабалық ауданы мәслихатының 2020 жылғы 4 тамыздағы № 519 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарабалық ауданы мәслихатының 04.08.2020 № 519 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына және "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес Қарабалық аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған Қостанай облысы Қарабалық ауданы Қостанай ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін.

      2. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Қостанай облысы Қарабалық ауданы Қостанай ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы бекітілсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Он бірінші сессия төрағасы,


аудандық мәслихаттың хатшысы

Е. Аманжолов

КЕЛІСІЛДІ


Қостанай ауылдық округінің әкімі


___________________ К. Нуркешев



  Мәслихаттың
2014 жылғы 29 сәуірдегі
№ 233 шешіміне қосымша

Қостанай облысы Қарабалық ауданы Қостанай ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы

Елді мекеннің атауы

Қостанай облысы Қарабалық ауданы Қостанай ауылдық округінің ауыл тұрғындары өкілдерінің саны (адам)

Қостанай облысы Қарабалық ауданы Қостанай ауылдық округінің Надеждин ауылының тұрғындары үшін

35

Қостанай облысы Қарабалық ауданы Қостанай ауылдық округінің Сарыкөл ауылының тұрғындары үшін

35

Қостанай облысы Қарабалық ауданы Қостанай ауылдық округінің Гурьянов ауылының тұрғындары үшін

35

Қостанай облысы Қарабалық ауданы Қостанай ауылдық округінің Ворошилов ауылының тұрғындары үшін

35

Қостанай облысы Қарабалық ауданы Қостанай ауылдық округінің Верен ауылының тұрғындары үшін

15

Қостанай облысы Қарабалық ауданы Қостанай ауылдық округінің Целинный ауылының тұрғындары үшін

15

Қостанай облысы Қарабалық ауданы Қостанай ауылдық округінің Елшан ауылының тұрғындары үшін

15

Қостанай облысы Қарабалық ауданы Қостанай ауылдық округінің Котлован ауылының тұрғындары үшін

15

  Мәслихаттың
2014 жылғы 29 сәуірдегі
№ 233 шешімімен бекітілген

Қостанай облысы Қарабалық ауданы Қостанай ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары

      1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қостанай облысы Қарабалық ауданы Қостанай ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес әзірленді және Қостанай ауылдық округі ауылдар тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

      2. Қостанай ауылдық округінің аумағындағы ауылдар тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындары (бұдан әрі - бөлек жиын) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.

      2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі

      3. Бөлек жиынды Қостанай ауылдық округінің әкімі шақырады.

      Қарабалық ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.

      4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.

      5. Қостанай ауылдық округі ауылдарының шегінде бөлек жиынды өткізуді Қостанай ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.

      6. Бөлек жиынды ашудың алдында Қостанай ауылдық округі ауылдарының қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

      7. Бөлек жиынды Қостанай ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

      Қостанай ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.

      Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.

      8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Қостанай ауылдық округі ауылдарының тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Қарабалық аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.

      9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

      10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны Қостанай ауылдық округі әкімінің аппаратына береді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады