Қостанай облысы Қарасу ауданы Новопавлов ауылының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қарасу ауданы мәслихатының 2014 жылғы 9 сәуірдегі № 196 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 16 мамырда № 4718 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарасу ауданы мәслихатының 2022 жылғы 29 сәуірдегі № 120 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарасу ауданы мәслихатының 29.04.2022 № 120 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-3-бабының 6-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Қарасу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған Қостанай облысы Қарасу ауданы Новопавлов ауылының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары бекітілсін.

      2. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Қостанай облысы Қарасу ауданы Новопавлов ауылының жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы бекітілсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Кезектен тыс сессияның төрағасы

А. Ыбраев

Қарасу аудандық мәслихатының хатшысы

С. Қазиев

КЕЛІСІЛДІ


Қостанай облысы Қарасу ауданы


Новопавлов ауылының әкімі


_____________ М. Ақмолдинов



  Қарасу аудандық мәслихатының
2014 жылғы 9 сәуірдегі
№ 196 шешіміне
қосымша

Қостанай облысы Қарасу ауданы Новопавлов ауылының жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы

Елді мекеннің атауы

Өкілдерінің саны (адам)

Новопавлов ауылының тұрғындары үшін

9

  Қарасу аудандық мәслихатының
2014 жылғы 9 сәуірдегі
№ 196 шешімімен
бекітілген

Қостанай облысы Қарасу ауданы Новопавлов ауылының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары

      1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қостанай облысы Қарасу ауданы Новопавлов ауылының (бұдан әрі - Новопавлов ауылы) бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес әзірленді және Новопавлов ауылы тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

      2. Новопавлов ауылының аумағы тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындары (бұдан әрі - бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.

      2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі

      3. Бөлек жиынды Новопавлов ауылының әкімі шақырады.

      Қарасу ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.

      4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.

      5. Новопавлов ауылының шегінде бөлек жиынды өткізуді Новопавлов ауылының әкімі ұйымдастырады.

      6. Бөлек жиынды ашудың алдында Новопавлов ауылының тұрғындары қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

      7. Бөлек жиынды Новопавлов ауылының әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

      Новопавлов ауылының әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.

      Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.

      8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Новопавлов ауылының тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Қарасу аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.

      Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Новопавлов ауылының тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.

      9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

      10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны Новопавлов ауылы әкімінің аппаратына береді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады