Қостанай облысы Қарасу ауданы Жамбыл ауылының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қарасу ауданы мәслихатының 2014 жылғы 9 сәуірдегі № 190 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 16 мамырда № 4719 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарасу ауданы мәслихатының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 362 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарасу ауданы мәслихатының 27.12.2019 № 362 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-3-бабының 6-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Қарасу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған Қостанай облысы Қарасу ауданы Жамбыл ауылының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары бекітілсін.

      2. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Қостанай облысы Қарасу ауданы Жамбыл ауылының жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы бекітілсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Кезектен тыс


сессияның төрағасы

А. Ыбраев

Қарасу аудандық


мәслихатының хатшысы

С. Қазиев

КЕЛІСІЛДІ:


Қостанай облысы Қарасу


ауданы Жамбыл ауылының


әкімі


____________ Б. Борпулова



  Қарасу аудандық мәслихатының
2014 жылғы 9 суәірдегі
№ 190 шешіміне қосымша

Қостанай облысы Қарасу ауданы Жамбыл
ауылының жергілікті қоғамдастық жиындарына
қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің
сандық құрамы

Елді мекеннің атауы

Өкілдерінің саны (адам)

Жамбыл ауылының тұрғындары үшін

6

  Қарасу аудандық мәслихатының
2014 жылғы 9 сәуірдегі
№ 190 шешімімен бекітілген

Қостанай облысы Қарасу ауданы Жамбыл
ауылының бөлек жергілікті қоғамдастық
жиындарын өткізу қағидалары

      1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қостанай облысы Қарасу ауданы Жамбыл ауылының (бұдан әрі - Жамбыл ауылы) бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары (Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы( 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, (Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы( Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес әзірленді және Жамбыл ауылы тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

      2. Жамбыл ауылының аумағы тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындары (бұдан әрі - бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.

      2. Бөлек жиындарды

      өткізу тәртібі

      3. Бөлек жиынды Жамбыл ауылының әкімі шақырады.

      Қарасу ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.

      4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.

      5. Жамбыл ауылының шегінде бөлек жиынды өткізуді Жамбыл ауылының әкімі ұйымдастырады.

      6. Бөлек жиынды ашудың алдында Жамбыл ауылының тұрғындары қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

      7. Бөлек жиынды Жамбыл ауылының әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

      Жамбыл ауылының әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.

      Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.

      8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Жамбыл ауылының тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Қарасу аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.

      Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Жамбыл ауылының тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.

      9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

      10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны Жамбыл ауылы әкімінің аппаратына береді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады