Қостанай облысы Қостанай ауданы Жамбыл ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидасын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 2014 жылғы 19 ақпандағы № 163 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 28 наурызда № 4530 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 2022 жылғы 24 наурыздағы № 145 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 24.03.2022 № 145 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-3-бабының 6-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес Қостанай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған Қостанай облысы Қостанай ауданы Жамбыл ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидасы бекітілсін.

      2. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Қостанай облысы Қостанай ауданы Жамбыл ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы бекітілсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай аудандық
      мәслихатының кезектен
      тыс сессиясының төрағасы А. Фищук
      Қостанай аудандық
      мәслихатының хатшысы А. Досжанов

      КЕЛІСІЛДІ:

      Қостанай облысы Қостанай ауданы

      Жамбыл ауылдық округінің әкімі

      __________________ М. Кускадамов


  Мәслихаттың
2014 жылғы 19 ақпандағы
№ 163 шешімімен бекітілген

Қостанай облысы Қостанай ауданы Жамбыл ауылдық округінің
бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидасы

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қостанай облысы Қостанай ауданы Жамбыл ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес әзірленді және Жамбыл ауылдық округінің ауылдар тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

      2. Жамбыл ауылдық округінің аумағындағы ауылдар тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындары (бұдан әрі - бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.

2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі

      3. Бөлек жиын Жамбыл ауылдық округінің әкімімен шақырылады.

      Қостанай ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.

      4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.

      5. Жамбыл ауылдық округі ауылдарының шегінде бөлек жиынды өткізуді Жамбыл ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.

      6. Бөлек жиынды ашудың алдында Жамбыл ауылдық округі ауылдарының тұрғындары қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

      7. Бөлек жиынды Жамбыл ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

      Жамбыл ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.

      Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.

      8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Жамбыл ауылдық округі ауылдарының тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Қостанай аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.

      Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 14.03.2017 № 118 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

      10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппаратына береді.

  Мәслихаттың
2014 жылғы 19 ақпандағы
№ 163 шешіміне қосымша

Қостанай облысы Қостанай ауданы Жамбыл ауылдық
округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін
ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы

р/р №

Елді мекеннің атауы

Қостанай облысы Қостанай ауданы Жамбыл ауылдық округінің ауылдар тұрғындары өкілдерінің саны (адам)

1

Қостанай облысы Қостанай ауданы Жамбыл ауылдық округінің Жамбыл ауылының тұрғындары үшін

70

2

Қостанай облысы Қостанай ауданы Жамбыл ауылдық округінің Алтын дала ауылының тұрғындары үшін

30

3

Қостанай облысы Қостанай ауданы Жамбыл ауылдық округінің Самир ауылының тұрғындары үшін

6


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады