Ескерту. Күші жойылды Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының 23.01.2020 № 350 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса берілген Қостанай облысы Таран ауданы Новоильинов ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары бекітілсін.
2. Қостанай облысы Таран ауданы Новоильинов ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қырықыншы, кезекті сессиясының төрайымы |
А. Даданова |
Аудандық мәслихаттың хатшысы |
С. Жолдыбаев |
КЕЛІСІЛДІ:
Қостанай облысы Таран
ауданы Новоильинов
ауылдық округінің әкімі
___________ С. Каргачинский
Мәслихаттың 2014 жылғы 22 шілдедегі № 219 шешіміне қосымша |
Қостанай облысы Таран ауданы Новоильинов
ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық
жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары
өкілдерінің сандық құрамы
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қостанай облысы Таран ауданы мәслихатының 24.11.2017 № 135 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
№ | Елді мекеннің атауы | Ауылдар тұрғындары өкілдерінің саны (адам) |
1 | Ақсуат ауылы | 15 |
2 | Богородское ауылы | 7 |
3 | Валерьяновка ауылы | 15 |
4 | Козыревка ауылы | 4 |
5 | Мирное ауылы | 2 |
6 | Новоильиновка ауылы | 51 |
7 | Притобольское ауылы | 7 |
8 | Увальное ауылы | 4 |
Мәслихаттың 2014 жылғы 22 шілдедегі № 219 шешімімен бекітілген |
Қостанай облысы Таран ауданы Новоильинов
ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық
жиындарын өткізу қағидалары
1. Жалпы ереже
1. Осы Қостанай облысы Таран ауданы Новоильинов ауылдық округінің (бұдан әрі – ауылдық округ) бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес әзірленді және ауылдық округтің ауылдар тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.
2. Ауылдық округтің аумағындағы ауылдар тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиыны (бұдан әрі – бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.
2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі
3. Бөлек жиынды ауылдық округтің әкімі шақырады.
Таран ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешім бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.
4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.
5. Ауылдық округ ауылдарының шегінде бөлек жиынды өткізуді ауылдық округтің әкімі ұйымдастырады.
6. Бөлек жиынды ашудың алдында ауылдық округ ауылдарының қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
7. Бөлек жиынды ауылдық округтің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
Ауылдық округтің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.
Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.
8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдық округтің ауылдар тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Таран аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.
Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.
9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.
10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және ауылдық округ әкімінің аппаратына беріледі.