Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Таран ауданы Павлов ауылдық округі әкімінің 12.03.2018 № 1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 қаңтардағы Заңына сәйкес Павлов ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Нелюбин ауылдық округі әкімінің 2009 жылғы 2 қарашадағы № 1 "Нелюбин селолық округі селоларының көшелеріне атау беру туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-18-104 тіркелген, 2009 жылғы 10 желтоқсанда "Маяк" аудандық газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
шешімнің мемлекеттік тілдегі тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша "Нелюбин селолық", "селоларының", "Нелюбин селосының", "Барсуков селосының" деген сөздер тиісінше "Павлов ауылдық", "ауылдарының", "Нелюбинка ауылының", "Барсуковка ауылының" деген сөздермен ауыстырылсын;
шешімнің орыс тілдегі тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша:
"Нелюбинского" деген сөздер "Павловского" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Павлов ауылдық округінің әкімі |
М. Жортынбаев |