Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Таран ауданы Павлов ауылдық округі әкімінің 12.03.2018 № 1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. Тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша "Нелюбин селолық", "селоларының", "Нелюбин селосының", "Барсуков селосының" деген сөздері "Павлов ауылдық", "ауылдарының", "Нелюбинка ауылының", "Барсуковка ауылының" деген сөздермен ауыстырылсын - Қостанай облысы Таран ауданы Павлов ауылдық округі әкімінің 25.04.2014 № 2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35–бабы, 1-тармақшасына және "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14–бабы, 4) тармақшасына сәйкес Павлов ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. Павлов ауылдық округі Нелюбинка ауылының атаусыз көшелеріне атаулар берілсін:
1) № 1 атаусыз көшесіне – Центральная көшесі
2) № 2 атаусыз көшесіне – Целинная көшесі
3) № 3 атаусыз көшесіне – Карл Маркс көшесі
4) № 4 атаусыз көшесіне - Озерная көшесі
5) № 5 атаусыз көшесіне - Молодежная көшесі
2. Павлов ауылдық округі Барсуковка ауылының атаусыз көшелеріне атаулар берілсін:
1) № 1 атаусыз көшесіне - Школьная көшесі
2) № 2 атаусыз көшесіне – Нижняя көшесі
3) № 3 атаусыз көшесіне - Верхняя көшесі
Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - Қостанай облысы Таран ауданы Нелюбин селолық округі әкімінің 2010.04.20 № 3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін, күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Л. Мұхамедина |