Павлодар облысы әкімдігінің 2013 жылғы 13 қарашадағы "Селолық жерлерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандары лауазымдарының тізбесін анықтау туралы" N 395/13 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облыстық әкімдігінің 2014 жылғы 10 қаңтардағы N 6/1 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 22 қаңтарда N 3670 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 2016 жылғы 25 ақпандағы № 50/2 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 25.02.2016 № 50/2 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 18-бабының 2)-тармақшасына, 238-бабының 3-тармағына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Павлодар облысы әкімдігінің 2013 жылғы 13 қарашадағы "Селолық жерлерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандары лауазымдарының тізбесін анықтау туралы" N 395/13 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3623 болып тіркелген, 2013 жылғы 14 желтоқсанда "Звезда Прииртышья" газетінде, 2013 жылғы 12 желтоқсанда "Сарыарқа самалы" газетінде жарияланды) келесі өзгерістер енгізілсін:
      тақырыптағы және мәтіндегі "мәдениет, спорт және ветеринария" деген сөздер "мәдениет және спорт" сөздерімен ауыстырылсын;
      кіріспедегі "Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабы 4-тармағына" деген сөздер мен сандар алынып тасталсын;
      1-тармақтағы "6" деген сан алынып тасталсын;
      6-қосымша алынып тасталсын.
      2. Облыс экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы осы қаулыны ресми жариялауды заңнамамен белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А.А. Өрсариевке жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі Қ. Бозымбаев
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Сессиясы төрағасы,
      облыстық мәслихат хатшысы М. Көбенов
      2014 жылғы 10 қаңтар

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады