Павлодар облысы әкімдігінің 2014 жылғы 11 ақпандағы "Павлодар облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" № 34/2 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облыстық әкімдігінің 2014 жылғы 17 шілдедегі № 260/7 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 14 тамызда № 3922 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 2018 жылғы 21 ақпандағы № 57/1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 21.02.2018 № 57/1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" № 410 Жарлығына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Павлодар облысы әкімдігінің 2014 жылғы 11 ақпандағы "Павлодар облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" № 34/2 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3728 болып тіркелді, 2014 жылғы 20 наурызда "Сарыарқа самалы" газетінде, 2014 жылғы 20 наурызда "Звезда Прииртышья" газетінде жарияланған) келесідей толықтырулар енгізілсін:

      осы қаулымен бекітілген "Павлодар облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесі ережесінің 20-тармағы келесі мазмұндағы 29) тармақшамен толықтырылсын:

      "29) облыс әкімдігі мен әкімінің актілерімен, өзге де нормативтік құқықтық актілермен көзделген жағдайда, акционерлік қоғамдардың мемлекеттік акциялар пакетін және жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндегі қатысу үлестерін иелену және пайдалану құқығын, мемлекеттік заңды тұлғалардың құқық субъектісінің өкілеттіктерін жүзеге асыру, соның ішінде тиісті саланың уәкілетті органдарының құзыретіне ұқсас оларға қатысты шешімдерді қабылдау.";

      5-бөлімнен кейін келесі мазмұндағы мәтінмен толықтырылсын:

      "Павлодар облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:

      1) "Центр аналитической информации" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;

      2) "Ертіс Медиа" Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;

      3) "Ертіс Медиа Холдинг" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.".

      2. "Павлодар облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      осы қаулы аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жариялауға жіберілуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А.А. Өрсариевке жүктелсiн.

      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Қ. Бозымбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады