Мүгедектерге әлеуметтік көмек көрсету бойынша қосымша шаралар туралы

Күшін жойған

Павлодар облыстық әкімдігінің 2014 жылғы 23 қазандағы № 335/10 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 20 қарашада № 4163 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы әкімдігінің 2022 жылғы 29 наурыздағы № 81/1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы әкімдігінің 29.03.2022 № 81/1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабы 1-тармағының 17) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 16-бабына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мыналарға:

      өзіне-өзі күтім көрсете алмайтын және денсаулығының жай-күйіне байланысты үнемі көмек көрсетуге мұқтаж, өздерінің ата-аналарын (жұбайын) асырап-бағуға және оларға қамқорлық жасауға міндетті еңбекке жарамды кәмелетке толған балалары (жұбайы) жоқ немесе объективті себептер бойынша (қарттық жасына, бірінші, екінші топтағы мүгедектігінің, онкологиялық, психикалық ауруларының болуына, бас бостандығынан айыру орындарында отыруына, елден тыс жерге тұрақты тұруға кетуіне немесе басқа елді мекенде тұруына байланысты) оларды тұрақты көмекпен және күтіммен қамтамасыз ете алмайтын жақын туыстары бар мүгедектерге бір қаржы жылына арналған әлеуметтік төлемдер түрінде, ай сайын төленуімен, бір айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК) көлемінде ағымдағы жыл үшін жыл бойы, ал алғашқы рет жүгінгендерге – өтініш беру күнінен бастап;

      өндірістегі жұмыста мертіккен немесе жарақат алған мүгедектерден басқа, бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектерге, сондай-ақ республиканың жоғары, кәсіптік және техникалық оқу орындарында оқытуға жатқызылатын бала жасынан мүгедектерге жеке оңалту бағдарламасына сәйкес бір оқу жылына жоғары оқу орындарындағы оқуына ішінара ақы төлеу үшін – 50 АЕК-тен кем емес, кәсіптік және техникалық оқу орындарында – 27 АЕК-тен кем емес біржолғы төлем түрінде әлеуметтік көмектің қосымша шаралары көрсетілсін.

      2. "Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі:

      осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуінен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ғ.Қ. Сәдібековке жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Облыс әкімі

Қ. Бозымбаев


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады