Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Павлодар облысы әкімдігінің 2014 жылғы 23 қазандағы "Мүгедектерге әлеуметтік көмек көрсету бойынша қосымша шаралар туралы" № 335/10 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4163 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. "Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М.О. Өтешовке жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Павлодар облысының әкімі | А. Скаков |