2014 жылы Ақсу қаласының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы

Мерзімі біткен

Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 2014 жылғы 27 наурыздағы N 201/29 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 21 сәуірде N 3764 болып тіркелді. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      Ескерту. Атауына өзгерістер енгізілді - Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 25.09.2014 N 267/37 (жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабының 8-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы" № 183 қаулысына сәйкес Ақсу қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 25.09.2014 N 267/37 (жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      1. 2014 жылы Ақсу қаласының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішіне тең сомада көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау ұсынылсын.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 25.09.2014 N 267/37 (жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрайымы

Г. Алпысбаева

Қалалық мәслихаттың хатшысы

М. Омарғалиев


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады