Қазақстан Республикасының "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабының 8-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы" № 183 қаулысына сәйкес Ақсу қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Ақсу қалалық мәслихатының 2014 жылғы 27 наурыздағы "2014 жылы Ақсу қаласының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы" № 201/29 шешіміне (Нормативтiк құқықтық актілердің мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмінде № 3764 болып тiркелген, 2014 жылғы 23 сәуірде "Ақсу жолы", "Новый путь" газетінде № 32 жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
кіріспе бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабының 8-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы" № 183 қаулысына сәйкес Ақсу қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:";
атауы мен 1 тармағында "ветеринария" деген сөздер "агроөнеркәсіптік кешен" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы А. Оразалин
Қалалық мәслихаттың
хатшысы М. Омарғалиев