Баянауыл ауданы Майқайың кентінің және Үшқұлын ауылының аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Майқайың кенті көшелерінің және Үшқұлын ауылының тұрғындары өкілдерінің санын бекіту туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Баянауыл аудандық мәслихатының 2014 жылғы 30 шілдедегі № 197/36 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 11 қыркүйекте № 4013 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Баянауыл аудандық мәслихатының 2024 жылғы 31 шілдедегі № 194/21 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Баянауыл аудандық мәслихатының 31.07.2024 № 194/21 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңы 39-3-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысымен бекітілген, Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларына сәйкес, Баянауыл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Баянауыл ауданы Майқайың кентінің және Үшқұлын ауылының аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін.

      2. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Баянауыл ауданы Майқайың кенті көшелерінің және Үшқұлын ауылының тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы Майқайың кенті көшелерінің және Ұшқұлын ауылының тұрғындарының жалпы санынан 3% (үш) мөлшерінде бекітілсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Баянауыл аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларына жүктелсін.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Сессия төрайымы

Д. Бақаева

Аудандық мәслихаттың хатшысы

Т. Қасен


  Баянауыл аудандық мәслихатының
2014 жылғы 30 шілдедегі
№ 197/36 шешімімен
бекітілді

Баянауыл ауданы Майқайың кенті көшелерінің және
Үшқұлын аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық
жиындарын өткізудің Қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Баянауыл ауданы Майқайың кенті көшелерінің және Ұшқұлын ауылының аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидалары "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 39-3-бабына, "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес әзірленді және Баянауыл ауданы Майқайың кенті көшелерінің және Үшқұлын ауылының аумағындағы тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

      2. Баянауыл ауданы Майқайың кенті көшелерінің және Ұшқұлын ауылының аумағындағы тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындары (бұдан әрі – бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.

2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі

      3. Бөлек жиынды Майқайың кентінің әкімі шақырады.

      Баянауыл ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.

      4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақппарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.

      5. Майқайың кенті көшелерінің және Үшқұлын ауылының шегінде бөлек жиынды өткізуді Баянауыл ауданының Майқайың кентінің әкімі ұйымдастырады.

      6. Бөлек жиынды ашудың алдында тиісті Майқайың кенті көшелерінің және Үшқұлын ауылының қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

      7. Бөлек жиынды Баянауыл ауданы Майқайың кентінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

      Баянауыл ауданы Майқайың кентінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.

      Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.

      8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Майқайың кенті көшелерінің және Үшқұлын ауылының тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Баянауыл аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.

      Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Баянауыл ауданы Майқайың кенті көшелерінің және Үшқұлын ауылының тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.

      9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

      10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны Майқайың кенті әкімінің аппаратына береді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады