Баянауыл ауданы Қаратомар ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің санын бекіту туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Баянауыл аудандық мәслихатының 2014 жылғы 30 шілдедегі № 194/36 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 11 қыркүйекте № 4016 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Баянауыл аудандық мәслихатының 2024 жылғы 31 шілдедегі № 194/21 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Баянауыл аудандық мәслихатының 31.07.2024 № 194/21 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңы 39-3-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысымен бекітілген, Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларына сәйкес, Баянауыл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Баянауыл ауданы Қаратомар ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін.

      2. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Баянауыл ауданы Қ аратомар ауылдық округі ауылдарының тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы тұрғындарының жалпы санынан 6 % (алты) мөлшерінде бекітілсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Баянауыл аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларына жүктелсін.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Сессия төрайымы

Д. Бақаева

Аудандық мәслихаттың


хатшысы

Т. Қасен


  Баянауыл аудандық мәслихатының
2014 жылғы 30 шілдедегі
№ 194/36 шешімімен
бекітілді

Баянауыл ауданы Қаратомар ауылдық округінің аумағында бөлек
жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Баянауыл ауданы Қаратомар ауылдық округінің аумағында Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің санын белгілеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңы 39-3-бабына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысымен бекітілген, Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларына сәйкес әзірленді және Баянауыл ауданы Қаратомар ауылдық округі аумағындағы ауылдар тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

      2. Баянауыл ауданы Қаратомар ауылдық округі аумағында ауылдар тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиыны (бұдан әрі – бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.

2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі

      3. Бөлек жиынды Қаратомар ауылдық округінің әкімі шақырады.

      Баянауыл ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.

      4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақппарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.

      5. Ауылдар шегінде бөлек жиынды өткізуді Қаратомар ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.

      6. Бөлек жиынды ашудың алдында тиісті ауылдардың қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

      7. Бөлек жиынды Баянауыл ауданы Қаратомар ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

      Баянауыл ауданы Қаратомар ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.

      Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.

      8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Баянауыл аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.

      Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.

      9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

      10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны Қаратомар ауылдық округі әкімінің аппаратына береді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады