Ертіс аудандық мәслихатының 2014 жылғы 30 сәуірдегі "Атаулы және мереке күндеріне жеке алынған санаттағы алушылар үшін әлеуметтік көмек мөлшерлерін белгілеу туралы" № 134-30-5 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Ертіс аудандық мәслихатының 2015 жылғы 25 ақпандағы № 184-34-5 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 19 наурызда № 4377 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Ертіс аудандық мәслихатының 2020 жылғы 14 желтоқсандағы № 264-60-6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ертіс аудандық мәслихатының 14.12.2020 № 264-60-6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларының 10- тармағына сәйкес, Ертіс аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      Ертіс аудандық мәслихатының 2014 жылғы 30 сәуірдегі № 134-30-5 "Атаулы және мереке күндеріне жеке алынған санаттағы алушылар үшін әлеуметтік көмек мөлшерлерін белгілеу туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3786 болып тіркелген, 2014 жылы 17 мамыр күні "Ертіс нұры" және "Иртыш" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1 тармақта:

      1) тармақшада:

      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне (бұдан әрі - ҰОС) 150 000 (жүз елу мың) теңге мөлшерінде, сондай-ақ азық-түлік жиынтығына 5 000 (бес мың) теңге сомасында;";

      төртінші абзацтағы "1,8" саны "10" санымен ауыстырылсын;

      бесінші абзацтағы "14" саны "10" санымен ауыстырылсын;

      алтыншы абзацтағы "3,5" саны "10" санымен ауыстырылсын;

      сегізінші абзацтағы "1,8" саны "10" санымен ауыстырылсын;

      тоғызыншы абзацтағы "1,8" саны "5" санымен ауыстырылсын.

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының мүгедектер күніне - қазан айының екінші жексенбісі - он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларға, бірінші және екінші топтардағы мүгедектерге, кәмелетке толмаған балалары бар мүгедек әйелдерге (ерлерге) 2,3 АЕК мөлшерінде".

      Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Кезектен тыс
сессияның төрағасы
Ж. Беспаев
      Ертіс аудандық
мәслихатының хатшысы
Ж. Беспаев
      КЕЛІСІЛГЕН:
      Павлодар облысы әкімінің
      міндетін атқарушы Д.Тұрғанов
      2015 жылғы 3 наурыз

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады