Ескерту. Күші жойылды – Павлодар облысы Тереңкөл аудандық мәслихатының 15.08.2019 № 1/48 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-3–тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Үлгілік қағидаларын бекіту туралы" № 504 қаулысына сәйкес Качир аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Качир аудандық мәслихатының 2014 жылғы 28 сәуірдегі "Атаулы күндер мен мереке күндеріне орай алушылардың жекелеген санаттары үшін әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу туралы" № 2/29 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3782 тіркелген, 2014 жылғы 8 мамырда "Тереңкөл тынысы" газетінің № 18, 2014 жылғы 8 мамырда "Заря" газетінің № 18 жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақтың он сегізінші абзацында "Халықаралық мүгедектер күніне" сөздері "Қазақстан Республикасының Мүгедектер күніне" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік сала және заңдылық жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы |