Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Май ауданы Ақшиман селолық округ әкімінің міндетін атқарушының 11.06.2014 N 2 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес ШЕШІМ қабылдаймын:
1. Май ауданы Ақшиман селолық округінің кадастрлық N 14-210-079-027, жер учаскесі 0,1846 га аумағында ауыл шаруашылығы жануарларының құтырумен ауыру фактісі бойынша шектеу белгіленсін.
2. "Май ауданының ветеринария бөлімі" (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Май аудандық аумақтық инспекциясы" (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Павлодар облысы бойынша мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті Май ауданы бойынша мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы" (келісім бойынша) мемлекеттік мекемелері анықталған эпизоотиялық ошақта ветеринарлық–санитарлық ахуалды қамтамасыз ету үшін тиісті ветеринарлық–санитарлық іс–шараларды жүргізсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғанан күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Әкім Р. Сергазина
КЕЛІСІЛДІ:
"Май ауданының ветеринария
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
басшысы Е. Ахметов
2014 жылғы "24" ақпан
"Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрлігі Ветеринарлық
бақылау және қадағалау комитетінің
Май аудандық аумақтық инспекциясы"
мемлекеттік мекемесінің
басшысы Н. Жұмабаев
2014 жылғы "24" ақпан
"Қазақстан Республикасы Денсаулық
сақтау министрлігі Павлодар облысы
бойынша мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық
қадағалау департаменті Май ауданы
бойынша мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық
қадағалау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің
басшысы А. Утеубаева
2014 жылғы "24" ақпан