Успен аудандық мәслихатының (V сайланған XXXI кезектен тыс сессиясы) 2014 жылғы 30 қаңтардағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" N 138/31 шешіміне толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Успен аудандық мәслихатының 2014 жылғы 10 сәуірдегі N 160/33 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 29 сәуірде N 3774 болып тіркелді. Күші жойылды – Павлодар облысы Успен аудандық мәслихатының 2021 жылғы 12 сәуірдегі № 27/3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Павлодар облысы Успен аудандық мәслихатының 12.04.2021 № 27/3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабы 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" № 504 қаулысына сәйкес Успен аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      1. Успен аудандық мәслихатының (V сайланған ХХХI кезектен тыс сессиясы) 2014 жылғы 30 қаңтардағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" № 138/31 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылдың 21 ақпанында № 3706 болып тіркелген, 2014 жылдың 28 ақпанында "Апта айнасы" № 9, 2014 жылдың 28 ақпанында "Сельские будни" № 9 газеттерінде жарияланған) келесі толықтырулар енгізілсін:

      7-тармақта:

      7) тармақша бесінші абзацпен келесі редакцияда толықтырылсын:

      "3 топ мүгедектері;";

      10) тармақша бесінші, алтыншы абзацтармен келесі редакцияда толықтырылсын:

      "мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар;

      он сегіз жасқа дейінгі балаларға тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы алушылар;";

      8-тармақта:

      2) тармақша жетінші, сегізінші абзацтармен келесі редакцияда толықтырылсын:

      7-тармақтың 7) тармақшасының екінші, үшінші, бесінші абзацтарында көрсетілген санаттар үшін – 17619 (он жеті мың алты жүз он тоғыз) теңге мөлшерінде - екінші деңгейдегі банктерде, сонымен қатар банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын тиісті лицензиясы, жеке сәйкестендіру нөмірі бар ұйымдарда жеке есеп шотының нөмірі көрсетілген уәкілетті ұйыммен ұсынылатын тізім негізінде;

      7-тармақтың 10) тармақшасының бесінші, алтыншы абзацтарында көрсетілген санаттар үшін – 35238 (отыз бес мың екі жүз отыз сегіз) теңге мөлшерінде - екінші деңгейдегі банктерде, сонымен қатар банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын тиісті лицензиясы, жеке сәйкестендіру нөмірі бар ұйымдарда жеке есеп шотының нөмірі көрсетілген уәкілетті органмен ұсынылатын тізім негізінде;".

      2. Осы шешімнің жүзеге асырылуын бақылау аудандық мәслихаттың экономика және бюджет жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы

С. Смағұлова

Аудандық


мәслихат хатшысы

Р. Бечелова


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады