Ескерту. Күші жойылды – Павлодар облысы Успен аудандық мәслихатының 12.04.2021 № 27/3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" № 504 қаулысына сәйкес Успен аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Успен аудандық мәслихатының (V сайланған ХХХІ кезектен тыс сессиясы) 2014 жылғы 30 қаңтардағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" № 138/31 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылдың 21 ақпанында № 3706 болып тіркелген, 2014 жылдың 28 ақпанында "Апта айнасы" № 9, 2014 жылдың 28 ақпанында "Сельские будни" № 9 газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
5-тармақ 3) тармақшасындағы "Халықаралық мүгедектер күні" сөздері
"Қазақстан Республикасының Мүгедектер күні" деген сөздерімен ауыстырылсын;
8-тармақ 1) тармақшасындағы "Халықаралық мүгедектер күніне" сөздері "Қазақстан Республикасының Мүгедектер күніне" деген сөздерімен ауыстырылсын;
10) тармақшасы абзацтармен келесі редакцияда толықтырылсын:
"жан басына шаққанда кірісі облыс бойынша белгіленген күнкөрістік шаманың көлемінен аспайтын, қолдан қоректендірілетін 1 жасқа дейінгі балалары бар аз қамтылған отбасылар;
жан басына шаққанда кірісі облыс бойынша белгіленген күнкөрістік шаманың көлемінен аспайтын, жүктілік мерзімі 12 аптаға дейінгі жүкті әйелдер;";
2) тармақшасы абзацпен келесі редакцияда толықтырылсын:
бесінші абзацтағы 7 тармақтың 10) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін, жерсеріктік телекөрсетілімге қосу үшін 29000 (жиырма тоғыз мың) теңгеге дейін мөлшерде – екінші деңгейдегі банктерде, сонымен қатар банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын тиісті лицензиясы, жеке сәйкестендіру нөмірі бар ұйымдарда жеке есеп шотының нөмірі көрсетілген өтініш негізінде, өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға жататынын растайтын анықтамалар, тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат;";
1) тармақшасы абзацпен келесі редакцияда толықтырылсын:
"сегізінші абзацтағы 7 тармақтың 10) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін, әлеуметтік көмек 5 АЕК мөлшерінде - екінші деңгейдегі банктерде, сонымен қатар банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын тиісті лицензиясы, жеке сәйкестендіру нөмірі бар ұйымдарда жеке есеп шотының нөмірі көрсетілген өтініш негізінде, жүктілігін растайтын анықтама, кірістері туралы мәліметтер, тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат;";
2) тармақша абзацпен келесі редакцияда толықтырылсын:
"жетінші абзацтағы 7 тармақтың 10) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін, әлеуметтік көмек 5 АЕК мөлшерінде – екінші деңгейдегі банктерде, сонымен қатар банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын тиісті лицензиясы, жеке сәйкестендіру нөмірі бар ұйымдарда жеке есеп шотының нөмірі көрсетілген әлеуметтік көмек тағайындау туралы ата - анасының біреуінің өтініші негізінде, баланың қолдан қоректендіру қажеттілігін растайтын анықтама, баланың тууы туралы куәлігі, тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат;".
2. Осы шешімнің жүзеге асырылуын бақылау аудандық мәслихаттың экономика және бюджет жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Cессия төрағасы | Ж. Бараисов |
Аудандық мәслихат | |
хатшысы | Р. Бечелова |