Успен ауданы мәслихатының 2014 жылғы 28 сәуірдегі "Жекелеген санаттағы алушыларға мерекелік және атаулы күндерге әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу туралы" № 174/35 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Успен аудандық мәслихатының 2014 жылғы 27 қазандағы № 217/40 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 21 қарашада № 4169 болып тіркелді. Күші жойылды – Павлодар облысы Успен аудандық мәслихатының 2021 жылғы 12 сәуірдегі № 28/3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Павлодар облысы Успен аудандық мәслихатының 12.04.2021 № 28/3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" № 504 қаулысына сәйкес Успен аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      1. Успен аудандық мәслихатының (V сайланған ХХХV кезектен тыс сессиясы) 2014 жылғы 28 сәуірдегі "Жекелеген санаттағы алушыларға мерекелік және атаулы күндерге әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу туралы" № 174/35 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2014 жылдың 30 сәуірінде № 3775 болып тіркелген, 2014 жылдың 2 мамырдағы № 18 "Апта айнасы", 2014 жылдың 2 мамырдағы № 18 "Сельские будни" аудандық газеттерінде жарияланған) төмендегі өзгерістер енгізілсін:

      1-тармақта:

      бесінші абзацтағы "Халықаралық мүгедектер күніне" сөздер "Қазақстан Республикасының мүгедектер күніне" деген сөздерге ауыстырылсын.

      2. Осы шешімнің жүзеге асырылуын бақылау аудандық мәслихаттың экономика және бюджет жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы

Э. Руфф

Аудандық мәслихат хатшысы

Р. Бечелова

"КЕЛІСІЛДІ"
Павлодар облысы
әкімінің міндетін
атқарушы
2014 жылғы "07" қараша
Д. Тұрғанов



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады