Ескерту. Күші жойылды – Павлодар облысы Успен аудандық мәслихатының 12.04.2021 № 27/3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" № 504 қаулысына сәйкес Успен аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Успен аудандық мәслихатының (V сайланған ХХХІ кезектен тыс сессиясы) 2014 жылғы 30 қаңтардағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" № 138/31 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылдың 21 ақпанында № 3706 болып тіркелген, 2014 жылдың 28 ақпанында "Апта айнасы" № 9, 2014 жылдың 28 ақпанында "Сельские будни" № 9 газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
8-тармақтың 2) тармақшасындағы келесі мазмұндағы абзац алынып тасталсын: "бесінші абзацтағы 7-тармақтың 10) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін, жерсеріктік телекөрсетілімге қосу үшін 29000 (жиырма тоғыз мың) теңгеге дейін мөлшерде – екінші деңгейдегі банктерде, сонымен қатар банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын тиісті лицензиясы, жеке сәйкестендіру нөмірі бар ұйымдарда жеке есеп шотының нөмірі көрсетілген өтініш негізінде, өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға жататынын растайтын анықтамалар, тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат;";
9-тармақтың 1) тармақшасы келесі мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"7-тармағының 10) тармақшасының төртінші абзацында көрсетілген санаттар үшін, қатты отын алуға әлеуметтік көмек 14 АЕК мөлшерінде – екінші деңгейдегі банктерде, сонымен қатар банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын тиісті лицензиясы, жеке сәйкестендіру нөмірі бар ұйымдарда жеке есеп шотының нөмірі көрсетілген өтініш негізінде, тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат, кірістер туралы мәліметтер, отбасының тұрғын үй–тұрмыстық жағдайының тексеру актісі;".
2. Осы шешімнің жүзеге асырылуын бақылау аудандық мәслихаттың экономика және бюджет жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Cессия төрағасы | Э. Руфф |
Аудандық мәслихат хатшысы | Р. Бечелова |