V сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс XXI сессиясының "Әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау туралы" 2013 жылғы 28 қарашадағы № 183 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

V сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХХІV сессиясының 2014 жылғы 18 ақпандағы № 203 шешімі. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2014 жылғы 4 наурызда N 1024 болып тіркелді. Күші жойылды- Алматы қаласы мәслихатының 2016 жылғы 16 қыркүйектегі № 32 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Алматы қаласы мәслихатының 16.09.2016 № 32 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 желтоқсандағы "2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, V сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1..V сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс XXI сессиясының 2013 жылғы 28 қарашадағы № 183 "Әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 1016 нөмірімен тіркелген, 2013 жылғы 21 желтоқсанда "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1 қосымшаның 2 бөлімі келесі редакцияда мазмұндалсын:
      "2. Жан басына шаққанда орташа табысы күн көріс деңгейінің екі есе мөлшерінен аспайтын тұлғаларға көрсетілетін бір реттік әлеуметтік көмектің шекті мөлшері".
      3. Жан басына шаққанда орташа табысы күн көріс деңгейінің екі есе мөлшерінен аспайтын азаматтарға әлеуметтік көмек 7 (жеті) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.
      3-1. Ыстық және (немесе) суық сумен жабдықтаудың жеке есептеуіш құралдарын сатып алу, орнату немесе тексеруден өткізу шығындарын өтеуге арналған әлеуметтік көмек бір құрал үшін 2 (екі) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспайтын көлемде көрсетіледі:
      мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және (немесе) тұрғын үй көмегін алатын тұрмыс жағдайы төмен азаматтарға (отбасыларына);
      бірге тұратын төрт немесе одан да көп кәмелет жасына толмаған балалары бар көпбалалы отбасыларына;
      бірінші, екінші және үшінші топтағы мүгедектерге;
      зейнет жасына жеткен зейнеткерлерге.
      4. Әлеуметтік көмектің аталған түрі тиісті қаржы жылына жергілікті бюджетте аталған мақсаттарға қарастырылған қаржы шегінде көрсетіледі.";
      2 қосымшаның 2 тармағындағы "бір жарым есе" деген сөздер "екі есе" деген сөздермен ауыстырылсын";
      2 қосымша келесі мазмұндағы 10, 11, 12, 13 тармақтармен толықтырылсын:
      "10. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және (немесе) тұрғын үй көмегін алатын тұрмыс жағдайы төмен азаматтар (отбасылар);
      11. Бірге тұратын төрт немесе одан да көп кәмелет жасына толмаған балалары бар көпбалалы отбасылар;
      12. Бірінші, екінші және үшінші топтағы мүгедектер;
      13. Зейнет жасына жеткен зейнеткерлер.".
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының әлеуметтік мәселелер және қоғамдық келісім жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы И. Лиге және Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ю. Ильинге (келісім бойынша) жүктелсін.
      3. Алматы қаласы мәслихатының хатшысы Т.-Мұқашев нормативтік құқықтық актіні Алматы қаласы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткізсін.
      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      V сайланған
      Алматы қаласы мәслихатының
      XXІV сессиясының төрағасы Қ. Шалабаев
      V сайланған Алматы қаласы
      мәслихатының хатшысы Т. Мұқашев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады