Әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау туралы

Күшін жойған

V сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс ХХІ сессиясының 2013 жылғы 28 қарашадағы N 183 шешімі. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2013 жылғы 13 желтоқсанда N 1016 болып тіркелді. Күші жойылды- Алматы қаласы мәслихатының 2016 жылғы 16 қыркүйектегі № 32 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Алматы қаласы мәслихатының 16.09.2016 № 32 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына және V сайланған Алматы қаласы мәслихатының XIX сессиясының 2013 жылғы 12 қыркүйектегі № 175 "Алматы қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне сәйкес, V сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес, мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмектің мөлшерлері белгіленсін.
      2. Осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес, мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесі айқындалсын.
      3. Алматы қаласы мәслихатының аппараты:
      1) осы шешімді Алматы қаласы мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;
      2) нормативтік құқықтық актіні Алматы қаласы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткізсін.
      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының әлеуметтік мәселелер және қоғамдық келісім жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы И. Лиге және Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ю. Ильинге (келісім бойынша) жүктелсін.
      5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      V сайланған Алматы қаласы
      мәслихатының кезектен тыс
      XXI сессиясының төрағасы И. Ли

  Алматы қаласы мәслихатының
2013 жылғы 28 қарашадағы
№ 183 шешіміне
1 қосымша

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Алматы қаласы мәслихатының 10.09.2014 N 267 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмектің мөлшерлері 1. Азаматқа (отбасына) табиғи зілзала немесе өрттің салдарынан мүлікке залал
келуіне байланысты әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлері және бір
реттік әлеуметтік көмекке өтініш білдіру мерзімдері

      1. Өрттің немесе табиғи зілзаланың салдарынан зардап шеккен азаматтарға ақшалай төлемдер түрінде әлеуметтік көмек баспанасынан айрылғанда, бүлінгенде, елеулі зиян келгенде отбасына 100 (жүз) айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерлерде көрсетіледі.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - Алматы қаласы мәслихатының 23.07.2015 № 349 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
       2. Әлеуметтік көмек төтенше жағдай туындаған күннен бастап алты айдан кешіктірілмей көрсетіледі.

2. Бір реттік әлеуметтік көмектің шекті мөлшері

      3. Жан басына шаққанда орташа табысы күн көріс деңгейінің екі есе мөлшерінен аспайтын отбасыларға (азаматтарға) жылына бір рет әлеуметтік көмек 7,5 (жеті жарым) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.
      Ескерту. 3 - тармақ жана редакцияда- Алматы қаласы мәслихатының 11.03.2016 № 420 шешімімен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
       4. Ыстық және (немесе) суық сумен жабдықтаудың жеке есептеуіш құралдарын сатып алу, орнату немесе тексеруден өткізу шығындарын өтеуге арналған әлеуметтік көмек жан басына шаққанда орташа табысы күнкөріс деңгейінің үш есе мөлшерінен аспайтын төменде көрсетілген азматтарға бір құрал үшін 2 (екі) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспайтын көлемде көрсетіледі:
      1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және (немесе) тұрғын үй көмегін алатын тұрмыс жағдайы төмен азаматтарға (отбасыларына);
      2) бірге тұратын төрт немесе одан да көп кәмелет жасына толмаған балалары бар көпбалалы отбасыларына;
      3) бірінші, екінші және үшінші топтағы мүгедектерге;
      4) зейнет жасына жеткен зейнеткерлерге.
      Әлеуметтік көмектің аталған түрі 2013 жылдың 1 тамызынан бастап ыстық және (немесе) суық сумен жабдықтаудың сатып алынған, орнатылған немесе тексеруден өткізілген жеке есепке алу құралдарына көрсетіледі.
      5. Әлеуметтік көмектің аталған түрлері тиісті қаржы жылына жергілікті бюджетте аталған мақсаттарға қарастырылған қаржы шегінде көрсетіледі.

3. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына көрсетілетін мерзімді
әлеуметтік көмектің шекті мөлшері

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбына өзгерістер енгізілді - Алматы қаласы мәслихатының 10.12.2014 № 290 шешімімен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).
       6. Әлеуметтік көмек ай сайын 5,5 (бес жарым) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде келесі санаттағы азаматтарға көрсетіледі:
      1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне;
      2) Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердің екінші рет некеге тұрмаған жесірлеріне;
      3) Aуғанстандағы соғыс қимылдары кезінде қаза тапқан (хабарсыз кеткен) немесе жаралану, контузия алу, мертігу, аурудың салдарынан қайтыс болған әскери қызметшілердің ата-аналарына, зайыбына (жұбайына).
      Ескерту. 6 - тармақ жана редакцияда- Алматы қаласы мәслихатының 11.03.2016 № 420 шешімімен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
       7. Әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы орташа табысы күн көріс деңгейінің 3 есе (үш) мөлшерінен аспайтын келесі санаттағы азаматтарға жыл сайын тағайындалып, жарты жылда бір рет 7 (жеті) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде төленеді:
      1) арнайы мемлекеттік жәрдемақы алмайтын зейнет жасына жеткен зейнеткерлерге;
      2) арнайы мемлекеттік жәрдемақы алмайтын, бірақ жас ерекшелігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алатындарға;
      3) бүйректің жеткіліксіздігі созылмалы ауруы бар бірінші топтағы мүгедектерге;
      4) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз жауынгерлік қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған тұлғаларға, 1941 жылдың 22 маусымы мен 1945 жылдың 9 мамыры аралығында кем дегенде алты ай еңбек еткен (қызмет атқарған) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз жауынгерлік қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған және аталған санат бойынша арнайы мемлекеттік жәрдемақы алатын тұлғаларға.
      Ескерту. 7 - тармақ жана редакцияда- Алматы қаласы мәслихатының 11.03.2016 № 420 шешімімен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
       8. Отбасының әрбір мүшесіне (адамға) арналған отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты негізіндегі әлеуметтік көмек мөлшері отбасының (адамның) жан басына шаққандағы табысы мен Алматы қаласында белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 пайызы арасындағы айырмашылық ретінде айқындалады.
      Отбасының құрамы өзгерген жағдайда, отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты негізіндегі әлеуметтік көмек мөлшері аталған мән-жайлар орын алған сәттен бастап, бірақ оны тағайындаған сәттен бұрын емес қайта есептеледі
      Ескерту. 3 бөлімі 8 тармағымен толықтырылды - Алматы қаласы мәслихатының 23.07.2015 № 349 шешімімен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

  Алматы қаласы мәслихатының
2013 жылғы 28 қарашадағы
№ 183 шешіміне
2 қосымша

Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесі

      1. Табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматтар;
      2. Жан басына шаққандағы табысы күн көріс деңгейінің екі есе мөлшерінен аспайтын адамдар;
      Ескерту. 2 тармаққа өзгерістер енгізілді - Алматы қаласы мәслихатының 18.02.2014 N 203 шешімімен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
       3. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерi;
      4. Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердiң екiншi рет некеге тұрмаған жесiрлерi;
      5. Ауғанстандағы соғыс қимылдары кезiнде қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе жаралану, контузия алу, мертiгу, аурудың салдарынан қайтыс болған әскери қызметшiлердiң ата-аналары, зайыбы (жұбайы);
      6. Арнайы мемлекеттік жәрдемақы алмайтын зейнет жасына жеткен зейнеткерлер;
      7. Арнайы мемлекеттік жәрдемақы алмайтын, бірақ жас ерекшелігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алатындар;
      8. Бүйректің жеткіліксіздігі созылмалы ауруы бар бірінші топтағы мүгедектер;
      9. Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз жауынгерлік қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы ордендерімен және медальдарымен марапатталған тұлғаларға, 1941 жылдың 22 маусымы мен 1945 жылдың 9 мамыры аралығында кем дегенде алты ай еңбек еткен (қызмет атқарған) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз жауынгерлік қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған және аталған санат бойынша арнайы мемлекеттік жәрдемақы алатын тұлғалар;
      10. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және (немесе) тұрғын үй көмегін алатын тұрмыс жағдайы төмен азаматтар (отбасылар);
      Ескерту. 2 қосымша 10 тармағымен толықтырылды - Алматы қаласы мәслихатының 18.02.2014 N 203 шешімімен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
       11. Бірге тұратын төрт немесе одан да көп кәмелет жасына толмаған балалары бар көпбалалы отбасылар;
      Ескерту. 2 қосымша 11 тармағымен толықтырылды - Алматы қаласы мәслихатының 18.02.2014 N 203 шешімімен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      12. Бірінші, екінші және үшінші топтағы мүгедектер;
      Ескерту. 2 қосымша 12 тармағымен толықтырылды - Алматы қаласы мәслихатының 18.02.2014 N 203 шешімімен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
       13. Зейнет жасына жеткен зейнеткерлер.
      Ескерту. 2 қосымша 13 тармағымен толықтырылды - Алматы қаласы мәслихатының 18.02.2014 N 203 шешімімен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
       14. Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартын жасасқан кездегі отбасының (адамның) еңбекке қабілетті мүшелерінің жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және қажет болғанда еңбекке қабілеттілерді қоса алғанда отбасы (адам) мүшелерін әлеуметтік бейімдеу жағдайларындағы жан басына шаққандағы табысы күнкөріс деңгейі мөлшерінің 60 %-ынан аспайтын адамдар (отбасылар).
      Ескерту. 2 қосымша 14 тармағымен толықтырылды - Алматы қаласы мәслихатының 23.07.2015 № 349 шешімімен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады