"2014 жылға Аққайың ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына көтерме жәрдемақы және үй алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау ұсыну туралы" Аққайың ауданы мәслихатының 2013 жылғы 25 желтоқсандағы N 19-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың аудандық мәслихатының 2014 жылғы 4 сәуірдегі N 22-17 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 24 сәуірде N 2683 болып тіркелді. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихаты аппаратының 2015 жылғы 10 наурыздағы N 5.2.1-13/45 хаты)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихаты аппаратының 10.03.2015 N 5.2.1-13/45 хаты).
      Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 21 бабына сәйкес Аққайың ауданы мәслихаты ШЕШТІ:
      1. "2014 жылға Аққайың ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына көтерме жәрдемақы және үй алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау ұсыну туралы" Аққайың ауданы мәслихатының 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 19-3 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 21 қаңтардағы № 2505 тіркелген, 2014 жылғы 30 қаңтардағы "Аққайың" газетінде, 2014 жылғы 30 қаңтардағы "Колос" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      Тақырып келесі редакцияда жазылсын:
      "2014 жылға Аққайың ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарына көтерме жәрдемақы және үй алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау ұсыну туралы";
      1 тармақ келесі редакцияда жазылсын:
      "1. 2014 жылға өтінген қажеттілігінің есебімен Аққайың ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарына:
      1) өтініш түскен кезеңнен жетпіс есептік айлық көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;
      2) тұрғын үй алу немесе салу үшін өтініш түскен кезеңнен бір мың бес жүз есептік айлық көрсеткіштен аспайтын маманның өтінген сомасында бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау ұсынылсын.".
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      V шақырылған ХХII сессия
      төрайымы

З. Нағметова

      Аққайың ауданы
      мәслихатының хатшысы

Қ. Құрманбаев

      "КЕЛІСІЛДІ":
      "Аққайың аудандық ауыл
      шаруашылығы және
      ветеринария бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің
      басшысы
      2014 жылғы 4 сәуір

А. Ғайсин

      "Аққайың аудандық экономика
      және қаржы бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің
      басшысы
      2014 жылғы 4 сәуір

Е. Гонтарь

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады