Ескерту. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихаты аппаратының 10.03.2015 N 5.2.1-13/45 хаты).
Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың аудандық мәслихатының 04.04.2014 N 22-17 шешімімен (алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңы 18 бабы 8 тармағына сәйкес, Аққайың ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1. 2014 жылға өтінген қажеттілігінің есебімен Аққайың ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарына:
1) өтініш түскен кезеңнен жетпіс есептік айлық көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;
2) тұрғын үй алу немесе салу үшін өтініш түскен кезеңнен бір мың бес жүз есептік айлық көрсеткіштен аспайтын маманның өтінген сомасында бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау ұсынылсын.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың аудандық мәслихатының 04.04.2014 N 22-17 шешімімен (алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2. Осы шешімнің 1 тармағы 1), 2) тармақшаларының күші ветеринария саласында қызметті жүзеге асыратын ветеринарлық пунктерінің ветеринарлық мамандарына қолданылады.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
V шақырылған ХIХ сессия |
С. Семенюк |
Аққайың ауданының |
Қ. Құрманбаев |
"КЕЛІСІЛДІ": |
А. Ғайсин |
"Аққайың аудандық |
Е. Гонтарь |