Қоғамдық жұмыстарға тарту түрінде жазаны өтеуге сотталған тұлғаларға арналған қоғамдық жұмыстардың түрлерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов аудандық әкімдігінің 2014 жылғы 22 қыркүйектегі № 330 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 21 қазанда N 2963 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 5 ақпандағы N 44 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы әкімдігінің 05.02.2015 N 44 қаулысымен (қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасы 1997 жылғы 16 шiлдедегi Қылмыстық кодексiнiң 42-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасы 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қылмыстық-атқару кодексiнiң 30-бабының 1-тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоғамдық жұмыстарға тарту түрiнде жазаны өтеуге сотталған тұлғаларға арналған қоғамдық жұмыстардың түрлерi осы қаулыға қосымшаға сәйкес белгiленсiн.
      2. Ауылдық округтер әкімдері Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық қылмыстық-атқару инспекциясының келісімімен қоғамдық жұмысқа тарту түрінде жазаны өтеуге арналған объектілердің тізімдерін сотқа тоқсан сайын ұсынсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің орынбасары А.Ж. Тайшабаеваға жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі М. Тасмағанбетов

  Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 2014 жылғы 22 қыркүйектегі № 330 қаулысына қосымша

Қоғамдық жұмыстарға тарту түрiнде жазаны өтеуге сотталған тұлғаларға арналған қоғамдық жұмыстар түрлерi

      1. Тұрмыстық қалдықтарды жинау.
      2. Аумақты қызылсу мұздан тазарту.
      3. Аумақты қардан тазарту.
      4. Аумақты қоқыстан тазарту.
      5. Аумақты тұрмыстық қалдықтардан тазарту.
      6. Аумақты арамшөптен тазарту.
      7. Қоқысты жинау және шығару.
      8. Жас бұтақтарды кесу.
      9. Ағаштарды және бұталарды кесу.
      10. Ағаштарды және бұталарды әктеу.
      11. Ағаштар және бұталарды егу.
      12. Гүлзарларды бөлiп отырғызу.
      13. Көгалдарды қолмен қайта қазу.
      14. Шөптi шабу.
      15. Ғимараттарды әктеу.
      16. Ғимараттарды сырлау.
      17. Ернеулерді әктеу.
      18. Қоршауларды жөндеу және сырлау.
      19. Тиеу-түсіру жұмыстары.
      20. Үй-жайларды жинау.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады