Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Явленка ауылдық округінің жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізу қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін көшелер тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы

Күшін жойған

Солтүстiк Қазақстан облысы Есiл аудандық мәслихатының 2014 жылғы 27 наурыздағы N 29/186 шешiмi. Солтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментiнде 2014 жылғы 5 мамырда N 2730 болып тiркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2023 жылғы 19 қыркүйектегі № 8-94 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 19.09.2023 № 8-94 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 17.03.2022 № 17/201 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 39-3-бабының 6-тармағына және "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Осы шешімге қосымшаға сәйкес жергілікті қоғамдастық жиынға қатысу үшін Явленка ауылының көшелері мен көппәтерлі тұрғын үйлерінің тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы бекітілсін.

      2. Явленка ауылдық округінің көшелері мен көппәтерлі тұрғын үйлер тұрғындарың бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қоса берілген Қағидалары бекітілсін.

      3. Осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Солтүстік Қазақстан облысы
      Есіл ауданы мәслихатының
      сессия төрайымы Ғ. Аманжолова
      Солтүстік Қазақстан облысы
      Есіл ауданы мәслихатының хатшысы Т. Мұқашев

  Солтүстік-Қазақстан облысы
  Есіл ауданы мәслихатының
  2014 жылғы 27 наурыздағы
  № 29/186 шешімімен
  бекітілген

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Явленка ауылдық округінің жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізудің қағидалары

      Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 17.03.2022 № 17/201 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу қағидалары "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, "Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес әзірленді және Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Явленка ауылдық округі аумағында көше тұрғындарының жергілікті қоғамдастықтарының бөлек жиындарын өткізу тәртібін белгілейді.

      2. Осы қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) жергілікті қоғамдастық – Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Волошинка ауылдық округінің аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;

      2) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны – көшелер тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.

2-тарау. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу тәртібі

      3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін ауылдық округтің аумағы учаскелерге (көшелер) бөлінеді.

      4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.

      5. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Явленка ауылдық округінің әкімі шақырады және ұйымдастырады.

      6. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Явленка ауылдық округінің әкімі жергілікті қоғамдастық халқын ол өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей бұқаралық ақпарат құралдары, әлеуметтік желілерде, ақпараттық стендтерде хабарландыруларды орналастыру арқылы хабардар етеді.

      7. Көшелер шегінде жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізуді Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Явленка ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.

      8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны ашылғанға дейін, оған қатысуға құқығы бар тиісті көшелердің тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

      Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы көшелерде тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан жағдайда өтті деп есептеледі.

      9. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Явленка ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген адам ашады.

      Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының төрағасы Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Явленка ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген адам болып табылады.

      Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын жасау үшін ашық дауыс беру арқылы хатшы сайланады.

      10. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін көшелер тұрғындарының өкілдеріне кандидаттарды Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылар ұсынады.

      11. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидат бойынша жеке жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп дауысын алған кандидаттар сайланды деп есептеледі.

      12. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Явленка ауылдық округі әкімінің аппаратына беріледі.

  Солтүстік-Қазақстан облысы
  Есіл ауданы мәслихатының
  2014 жылғы 27 наурыздағы
  № 29/186 шешімімен
  бекітілген

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Явленка ауылдық округінің жергілікті қоғамдастығының жиынына қатысу үшін көшелер тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 17.03.2022 № 17/201 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) ; 10.05.2023 № 4/58 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.

№ р/с

Көшелер атауы

Явленка ауылы көшелерінің тұрғындары өкілдерінің саны (адам)

1.

Қизатов

3

2.

Ыбыраев

3

3.

Коваленко

2

4.

Шоқаев

1

5.

Позолотин

2

6.

А. Иманов

2

7.

Мүсірепов

3

8.

Мұқанов

2

9.

Тимофеев

1

10.

Пушкин

2

11.

Комаров

2

12.

Береговая

1

13.

Жамбыл

1

14.

Тәуелсіздік

2

15.

Ершов

1

16.

Малышев

1

17.

Сыздықов

1

18.

Бейбітшілік

1

19.

Байтокин

1

20.

Жеңістің 40 жылдығы

1

21.

Ф. Токарев

1

22.

Закиров

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады