«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабы 1 тармағына 5) тармақшасына, «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысымен бекітілген Қағидасының 12 тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2014 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы бойынша субсидия алушылардың тізіміне қосуға құжаттар қабылдау мерзімдері және субсидияланатын ауыл шаруашылығы басым дақылдарының әрбір түрлері бойынша егудің оңтайлы мерзімдері қосымшаға сәйкес айқындалсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімі орынбасарының міндетін атқарушысы Қазыбек Есләмұлы Ақмамбаевке жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2014 жылғы 05 мамырдан бастап пайда болған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Есіл ауданының әкімі | М. Әбішев |
Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 26 мамырдағы № 168 қаулысына қосымша |
2014 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы бойынша субсидия алушылардың тізіміне қосуға құжаттар қабылдау мерзімдері және субсидияланатын ауыл шаруашылығы басым дақылдарының әрбір түрлері бойынша егудің оңтайлы мерзімдері
Жер өңдеу аумағы | Дақыл | 2014 жылы субсидия алушылардың тізіміне қосуға құжаттар қабылдау мерзімдері | Субсидияланатын ауыл шаруашылығы басым дақылдарын егудің оңтайлы мерзімдері |
ІІ – дала, жазықты, орманды дала | Көпжылдық өсімдіктер: Түйежоңышқа, жоңышқа, еркекшөп, эспарцет, арпабас, козлятник I мерзім | 5 мамырға дейін | 5 мамырдан 15 мамырға дейін |
Жасыл конвейер (біржылдық өсімдіктер) – І мерзім (асбұршақ + сұлы) | 8 мамырға дейін | 8 мамырдан 10 мамырға дейін | |
Пияз (тұқым) | 10 мамырға дейін | 10 мамырдан 20 мамырға дейін | |
Сәбіз (тұқым) | 10 мамырға дейін | 10 мамырдан 20 мамырға дейін | |
Рапс – әдеттегі сүрі жерімен себу | 12 мамырға дейін | 12 мамырдан 20 мамырға дейін | |
Аңқа | 13 мамырға дейін | 13 мамырдан 18 мамырға дейін | |
Майлы тұқымға күнбағыс | 15 мамырға дейін | 15 мамырдан 20 мамырға дейін | |
Картоп | 15 мамырға дейін | 15 мамырдан 30 мамырға дейін | |
Сүрлемге жүгері | 16 мамырға дейін | 16 мамырдан 20 мамырға дейін | |
Қияр | 16 мамырға дейін | 16 мамырдан 5 мауысымға дейін | |
Сүрлемге күнбағыс | 18 мамырға дейін | 18 мамырдан 24 мамырға дейін | |
Жаздық жұмсақ бидай, орташа кеш сорттар | 18 мамырға дейін | 18 мамырдан 25 мамырға дейін | |
Зығыр, қыша | 18 мамырға дейін | 18 мамырдан 25 мамырға дейін | |
Жаздық қатты бидай | 20 мамырға дейін | 20 мамырдан 25 мамырға дейін | |
Арыш | 20 мамырға дейін | 20 мамырдан 26 мамырға дейін | |
Ас бұршақ | 20 мамырға дейін | 20 мамырдан 27 мамырға дейін | |
Қарақұмық | 20 мамырға дейін | 20 мамырдан 27 мамырға дейін | |
Рапс – ең төмен-нөлдік сүрі жерімен себу | 20 мамырға дейін | 20 мамырдан 28 мамырға дейін | |
Жаздық жұмсақ бидай, орташа пісіп жетілетін | 20 мамырға дейін | 20 мамырдан 30 мамырға дейін | |
Қытай бұршақ | 22 мамырға дейін | 22 мамырдан 28 мамырға дейін | |
Жасыл конвейер (біржылдық өсімдіктер) – ІІ мерзім (сұлы + арпа + ас бұршақ + бидай, судан шөбі + ас бұршақ, тары + ас бұршақ) | 23 мамырға дейін | 23 мамырдан 25 мамырға дейін | |
Жасымық | 23 мамырға дейін | 23 мамырдан 30 мамырға дейін | |
Сұлы | 25 мамырға дейін | 25 мамырдан 30 мамырға дейін | |
Тары | 25 мамырға дейін | 25 мамырдан 30 мамырға дейін | |
Арпа – орташа пісіп жетілетін сорттар | 25 мамырға дейін | 25 мамырдан 3 маусымға дейін | |
Қызылша | 25 мамырға дейін | 25 мамырдан 5 маусымға дейін | |
Қырыққабат көшеттері | 25 мамырға дейін | 25 мамырдан 12 маусымға дейін | |
Жаздық жұмсақ бидай, орташа ерте сорттар | 28 мамырға дейін | 28 мамырдан 5 маусымға дейін | |
Қызанақ көшеттері | 28 мамырға дейін | 28 мамырдан 12 маусымға дейін | |
Арпа – ерте пісіп жетілетін сорттар | 30 мамырға дейін | 30 мамырдан 5 маусымға дейін | |
Жемшөпке біржылдық өсімдіктер (сұлы + ас бұршақ, ас бұршақ + сұлы + арпа), шөп (судан шөбі, тары, могар, сұлы + сиыржоңышқа) және пішіндеме (сұлы + арпа + ас бұршақ, сұлы + ас бұршақ, тары + ас бұршақ) | 5 маусымға дейін | 5 маусымнан 10 маусымға дейін | |
Жасыл конвейер (біржылдық өсімдіктер) –ІІІ мерзім (ас бұршақ + сұлы + арпа, судан шөбі + ас бұршақ, сұлы + ас бұршақ) | 8 маусымға дейін | 8 маусымнан 10 маусымға дейін | |
Көпжылдық өсімдіктер: Түйежоңышқа, жоңышқа, еркекшөп, эспарцет, арпабас, козлятник II мерзім | 5 шілдеге дейін | 5 шілдеден 20 шілдеге дейін | |
Жасыл конвейер (біржылдық өсімдіктер) (рапс, сұлы) – IV мерзім | 8 шілдеге дейін | 8 шілдеден 10 шілдеге дейін | |
Күздік қара бидай (жасыл азығына) | 10 тамызға дейін | 10 тамыздан 15 тамызға дейін |