Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының Казанка ауылдық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидасын және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысатын ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл аудандық мәслихатының 2014 жылғы 28 ақпандағы N 25/5 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 3 сәуірде N 2640 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 2022 жылғы 18 ақпандағы № 12/2 шешімімен

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтарындағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3 бабы 6 тармағына және "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес, Жамбыл аудандық мәслихат ШЕШТІ:

      1. Қоса беріліп отырған Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының Казанка ауылдық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидасы бекітілсін.

      2. Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының Казанка ауылдық округінде қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидасы және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысатын ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      3. Осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Жамбыл

Жамбыл

аудандық мәслихаттың

аудандық мәслихаттың

кезектен тыс

хатшысы

ХХV сессиясының төрағасы


А. Сұрағанов

Б. Мұсабаев


  Жамбыл ауданы мәслихатының
2014 жылғы 28 ақпандағы № 25/5 шешіміне
қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының Казанка ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысатын ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы

Елді мекеннің атауы

Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының Казанка ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысатын ауыл тұрғындары өкілдерінің саны

Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының Казанка ауылдық округінің Казанка ауылының тұрғындарына

12

Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының Казанка ауылдық округінің Екатериновка ауылының тұрғындарына

4

Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының Казанка ауылдық округінің Матросово ауылының тұрғындарына

1

Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының Казанка ауылдық округінің Светлое ауылының тұрғындарына

2

  Жамбыл ауданы мәслихатының
2014 жылғы 28 ақпандағы № 25/5 шешімімен
бекітілген

Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының Казанка ауылдық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидасы
1. Жалпы ережелер

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының Казанка ауылдық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 39-3-бабының 6 тармағына, "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес әзірленді және Казанка ауылдық округі тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі тәртібін белгілейді.

      2. Казанка ауылдық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындары (бұдан әрі - бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.

2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі

      3. Бөлек жиын Жамбыл ауданының Казанка ауылдық округтің әкімі шақырады. Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.

      4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.

      5. Жамбыл ауданының Казанка ауылдық округінде бөлек жиынды өткізуді Жамбыл ауданының Казанка ауылдық округтің әкімі ұйымдастырады.

      6. Бөлек жиынды Казанка ауылдық округінің ашудың алдында тиісті ауылдың қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

      7. Бөлек жиынды Казанка ауылдық округінің әкімімен немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

      Казанка ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.

      Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.

      8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Казанка ауылдық округі ауылдары өкілдерінің кандидатураларын Жамбыл ауданы мәслихатының бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.

      9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

      10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және Казанка ауылдық округі әкімінің аппаратына беріледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады