"Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-бабына сәйкес, Тимирязев аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Тимирязев ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 05 ақпандағы № 23/2 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 21 ақпанда № 2564 болып тіркелген, 2014 жылғы 01 наурызда "Көтерілген тың" аудандық газетінде жарияланған, 2014 жылғы 01 наурызда "Нива" аудандық газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Тимирязев ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларындағы 8-тармақтың екінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
"Азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар:
жетімдік;
ата-ананың қамқорлығының болмауы;
кәмелетке толмағандардың қараусыздығы, оның ішінде девиантты құлықтылар;
туғаннан үш жасқа дейінгі балалардың ерте психоденелік дамуынан мүмкіндіктерінің шектелуі;
дене және (немесе) ақыл-ес мүмкіндіктеріне қарай ағза қызметінің тұрақты бұзушылықтары;
айналадағыларға қауіп төндіретін, әлеуметтік маңызды аурулар және аурулар салдарынан өмірлік іс-әрекетінің шектелуі;
шалдыққан ауруының және (немесе) мүгедектігінің салдарынан, қартаюына байланысты өзіне өзі күтуге қабілетсіздігі;
әлеуметтік бейімсіздікке және депривацияға әкеп соққан қатыгез қатынас;
баспанасыздық (белгілі тұрғылықты жері жоқ тұлғалар);
бас бостандығынан айыру орындарынан босатылуы;
қылмыстық-атқару инспекциясы сынақ қызметінің тіркеуінде болуы;
табиғи зiлзаланың немесе өрттiң салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкiне зиян келтiру;
күнкөрістің ең төмен деңгейінің бір еселік мөлшерінің шамасынан төмен адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысының болуы;
Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектерінің тіс протездеуге мұқтаждығы (бағалы металлдар мен металлокерамикадан, металлоакриллден жасалған протездерден басқа) кірісті есептемегенде, 2 жылда бір реттен артық емес;
Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектерінің Қазақстан Республикасының санаторийлерінде және профилакторийлерінде санаторлық–курорттық емделуге мұқтаждығы кірісті есептемегенде, жылына бір рет;
Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектерінің коммуналдық қызметтерді төлеуге және отынды сатып алуға кірісті есептемегенде, ай сайынғы екі айлық есептік көрсеткіштер мөлшерінде өтемақыға мұқтаждығы негіздеме болып табылады.
Арнайы комиссия әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарған кезде азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін негіздемелер тізбесін басшылыққа алады."
2. Осы шешім 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың ХХХII сессия төрағасы |
Ж. Жантоқов |
Аудандық мәслихаттың хатшысы |
С. Мұстафин |
"КЕЛІСІЛДІ" Солтүстік Қазақстан облысының әкімі 2014 жылғы 24 желтоқсан |
Е. Сұлтанов |