Атырау қалалық мәслихатының 2011 жылғы 28 желтоқсандағы № 323 "Атырау қаласы бойынша салық ставкаларын белгiлеу туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Атырау қалалық мәслихатының 2014 жылғы 13 наурыздағы № 186 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 03 сәуірде № 2881 тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Атырау қалалық мәслихатының 27 ақпандағы 2018 № 197 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Атырау қалалық мәслихатының 27.02.2018 № 197 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы (Салық кодексi)" Кодексiнiң 422 бабының 2 тармағына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес, Атырау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Атырау қалалық мәслихатының 2011 жылғы 28 желтоқсандағы № 323 "Атырау қаласы бойынша салық ставкаларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4-1-154 рет санымен тіркелген 2012 жылғы 2 ақпанында "Атырау" газетінде жарияланған) шешiмiнiң № 2 қосымшаның 5 жолына өзгеріс енгізілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау экономика, кәсіпкерлікті дамыту, индустрия, сауда, салық және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (С. Ерубаев).

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      ХХІІІ сессия төрағасы Б. Рысқалиев
      Қалалық мәслихат хатшысы Б. Қазиманов

  Атырау қалалық мәслихатының 2014 жылғы 13 наурыздағы № 186 шешіміне қосымша
  Атырау қалалық мәслихатының 2011 жылғы 28 желтоқсандағы № 323 шешіміне 2 қосымша

Айына салық салу объектісінің бірлігіне тіркелген салықтың базалық ставкаларының мөлшері

Салық салу объектісінің атауы

Тіркелген салықтың базалық ставкаларының мөлшері (айлық есептік көрсеткіш)

1

2

3

5.

Карт

7


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады