РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 28 бабының 6 тармағы негізінде және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37 бабын басшылыққа алып, Махамбет ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Махамбет аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен (келісім бойынша) бірлесіп, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орын белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау "Махамбет ауданы әкімі аппараты" мемлекеттік мекеме басшысы Н.С. Қалиевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Е. Жаңабаев
КЕЛІСІЛДІ:
Махамбет аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының төрағасы Ж. Пазулов
2014 жылғы 27 тамыз
Аудан әкімдігінің
2014 жылғы 27 тамыз № 425
қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына барлық кандидаттарға үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орын
№ |
Елді мекеннің атауы |
Орналасқан жері |
Орналасу үшін нысанның атауы |
1 |
Махамбет селосы |
Абай көшесі, 16 |
Махамбет ауданы мәслихатының әкімшілік ғимараты жанындағы ақпараттық тақта |