Аудандар бойынша cубсидиялар көлемдерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 2014 жылғы 10 сәуірдегі № 90 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 17 сәуірде № 2611 болып тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 2014 жылғы 25 шілдедегі № 254 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 25.07.2014 № 254 қаулысымен.

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысымен бекітілген Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасының 7-тармағына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аудандар бойынша:
      1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті жанар-жағар май материалдары мен басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға арналған субсидиялар көлемі;
      2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын арзандатуға арналған cубсидиялар көлемі белгіленсін.
      2. «Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
      1) осы қаулының Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
      2) осы қаулының Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Б.С.Оспановқа жүктелсін.

      Облыс әкімі                                А.Мырзахметов

Облыс әкімдігінің 2014 жылғы
10 сәуір № 90 қаулысына
1 қосымша

Аудандар бойынша көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті жанар-жағар май материалдары мен басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға арналған cубсидиялар көлемі

Қала мен аудандардың атауы

Жоспарланған егістік көлемі, мың га

Субсидия көлемі, мың теңге

1

Арыс

8,51

151860,2

2

Бәйдібек

32,69

266225,0

3

Қазығұрт

41,77

426625,0

4

Мақтарал

93,03

2094868,3

5

Ордабасы

26,76

476196,8

6

Отырар

13,75

249534,8

7

Сайрам

27,55

367389,8

8

Сарыағаш

30,99

944636,6

9

Созақ

5,44

40019,5

10

Төлеби

28,33

256019,2

11

Түлкібас

27,90

208345,8

12

Шардара

35,85

711959,8

13

Түркістан

20,85

449859,8

14

Шымкент

1,49

201022,3

15

Кентау

0,63

29287,6


Барлығы

395,5

6873850,0

Облыс әкімдігінің 2014 жылғы
10 сәуір № 90 қаулысына
2 қосымша

Аудандар бойынша тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын арзандатуға арналған cубсидиялар көлемі 

Қала мен аудандардың атауы

Тыңайтқыштар көлемі, мың тонна

Субсидия көлемі, мың теңге

1

Арыс

1,87

51491,8

2

Бәйдібек

1,73

47899,2

3

Қазығұрт

5,29

136331,3

4

Мақтарал

24,36

629363,5

5

Ордабасы

5,79

158230,8

6

Отырар

1,60

44456,1

7

Сайрам

3,98

101684,0

8

Сарыағаш

4,95

113427,4

9

Созақ

0,05

1620,1

10

Төлеби

2,29

64335,4

11

Түлкібас

2,27

63186,3

12

Шардара

7,14

162409,0

13

Түркістан

4,66

122507,5

14

Шымкент

0,05

1367,7

15

Кентау

0,09

2790,2


Барлығы

66

1701100

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады